Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017

Серік Сапиев жаңа жылдық шыршаны медальдарымен безендірді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Серік  Сапиев атыраулық  спортшылардың эстафетасын қабылдап,  жаңа жылдық шыршаны медальдарымен  безендірді. 

Серік Сапиев жаңа жылдық шыршаны медальдарымен безендірді

Олимпиада чемпионы атыраулық спортшылардың жаңа жылдық  challenge қолдау көрсетті деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Атақты боксшы және ҚР  Парламент Мәжілісі депутаты барлық қазақстандық спортшыларға бейнеүндеу жолдап,  Атырауда басталған жаңа жылдық эстафетаға қатысуға шақырды. 

-Мен  атыраулық спортшылардың чемпиондық challenge шарасын қолдап,  шыршаны  медальдарыммен безендірдім.  Мемлекет басшысы спортты насихаттауды үнемі айтып келеді, оған осындай шаралар ықпал етеді.  Эстафетаны барлық спортшыларға  жолдаймын және жаңа жылдық эстафета жалғасын табарына сенемін,-деді Серік Сапиев. 

Айта кетейік,  алғашқы чемпиондық шыршаны Атырауда 24  желтоқсанда безендірді.  26  желтоқсанда эстафетаны Қарағанды облысының спортшылары қабылдап,  шыршаны жыл бойғы жетістіктерімен жасандырды.  27 желтоқсанда  challenge-ді олимпиада жүлдегері  Серік  Сапиев қолдап,  медальдарын шыршаға тақты. 

Атыраулық спортшыларды қазақстандық боксшы Мадияр Ақшеев те қолдады.  Ол Серік Сапиевтің эстафетасын қабылдап, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы шыршалардың бірін ҚР мемлекеттік туымен безендірді.

Бақытгүл Бабаш,

"Егемен Қазақстан"