Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017

Қостанайда елік атқандар ұсталды

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының  Меңдіғара ауданындағы Боровское орман шаруашылығында екі елік атқан  броконьерлер ұсталды.  Оларды полицейлер «Шырша» жедел-профилактикалық шараларын өткізу барысында ұстаған. 

Қостанайда елік атқандар ұсталды

Қасқат  поселкесінен 20 шақырымдай жерде аңшылық шаруашылығы аумағында қардың үстіне тамған қан байқалған және машинаның ізі түскен. Осы із полицейлерді Қасқат поселкесіндегі бір үйдің ауласына алып келеді.  59 жастағы үй иесінен  еліктің бұтарланып, жайғастырылған  еті, екі аңшы мылтығы табылды.  Мылтық оның серігі 65 жастағы браконьердікі болып шықты.  Машина  заңсыз аңшылық құрған 51 жастағы  тұрғындікі екен.

Полицейлер анықтағанындай,  ауылдың екі  тұрғыны «Тойото» машинасымен  орманға барып, екі елікті  атып алған да, оны  ауылдағы басқа танысының үйіне тығып қойған екен. Олардан  еліктің еті, қару, оқ барлығы тәркіленді, енді орманның сұлуын атқандар  сотқа жауап береді.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

 Меңдіғара ауданы