Министр Моңғолияда қазақ диаспорасының көп екенін, бұл елдің Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын атап өтті.
"Екіжақты қарым-қатынастардың басымдыққа ие мәселелері – Баян-Өлгий аймағында консулдық пунктін ашу, сондай-ақ Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетін Қазақстанды Моңғолиямен байланыстыратын автокөлік жолының құрылысы болып табылады", — деді Қ.Әбдірахманов.
Бұдан бөлек, министр Қазақстанның Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, Индонезия елдерімен көпжақты әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін айтты.