Көжековтардың ұлы Түркияда ем алып жатқандықтан, екінші нәресте сол елде дүниеге келген. Перзентханада жаңа туған қыздың жүрегі ауыратыны анықталған. Бірақ жүктілік кезінде скринингтердің барлығы жақсы нәтиже көрсеткен.
Туғанына 7 күн ғана болған қыздың әкесі соңғы үмітін Қазақстан үкіметіне артқанын, келесі күні-ақ елден жауап алғанын айтады.
"Біз мемлекеттік қызметті көбінесе даттап жатамыз. Олар жылдам жұмыс істей алмайды, өте баяу, бюрократиядан ары аса алмайды деп ойлаймыз. Мен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа алғыс айтқым келеді. Түркиядағы елшіміз Абзал Сапарбекұлы мен консул Бауыржан Әбдірахмановқа да ризашылығым шексіз", дейді Жасұлан Көжекбаев.
Айта кету керек, нәрестеге операция тегін жасалады.