12 Қараша, 2011

Кадрлық мәселелер сөз болды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
О.Жұмабековтің төраға­лы­ғы­мен Жоғары сот кеңе­сінің кезекті отырысы болып өтті. Онда «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқор­лық­пен күрес жөніндегі рес­пуб­ли­калық қоғамдық кеңесінің су­дья­лардың іссапармен баруы және уақытша болмаған су­дья­­лар­ды ауыстыру амалын ендіру мүм­кіндігі туралы ұсынымы қаралды. Сондай-ақ Жоғары сот ке­­ңе­сі­нің регламентіне өз­гер­тулер енгізілді және сот жүйесіндегі кадр­лық мәсе­ле­лер қарастырылды. Онда жер­гілікті және басқа сот­тар­дың төрағалары мен судья­лары қызметіне та­ғайын­дау­ға 7 үміткер және атқа­рып жатқан қыз­меттерінен 5 судья, оның ішін­де үшеуі теріс себептермен, қызметтерінен босатуға Мемлекет бас­шысына ұсынылды.