Астанада әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 1 680 орынға арналған алты балабақшаның құрылысы басталды (пайдалануға 2019 жылы беріледі). 2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз қамту жоспарлануда.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамту 28,2% құрайды. (былтыр 70,6% болған). 2017 жылы туу санының өсуі мен көші-қонның есебінен халықтың ағылып келуіне байланысты балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту және тәрбиелеу үшін екі мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды.
Тағы да мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 980 орынға арналған екі балабақша пайдалануға берілетіні жоспарлануда. Осы жылы қазан айында 79 жекеменшік балабақшаға 9 076 орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп, қосымша 300 млн теңге бөлінді. Жалпы алғанда жекеменшік балабақшаға мемлекеттік тапсырыс үшін 2,7 млрд теңге бөлінді.