Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2017

Солтүстік Қазақстан әкімі балаларға пони сыйлады

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасына қарасты кавалерия взводының базасы тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға иппотерапия курстарын өткізу алаңына айналды.

Солтүстік Қазақстан әкімі балаларға пони сыйлады

Мұнда жұмыс бабымен болған облыс әкімі Құмар Ақсақалов балалармен тілдесіп, иппотерапияның пайдалы тұстарын айтқан болатын. Әңгіме барысында мүгедек бүлдіршіндер атқа міну қиынға соғатынын, пони сатып әперуді  өтінген еді.

Жаңа жыл қарсаңында балақайлардың тілегі орындалды. Курстың қатысушылары екі бірдей пониға ие болды. Енді иппотерапия курсы одан әрі пайдасын тигізіп, сонымен қатар  серуендейтін де болады. Пониға алғашқылардың қатарында интернат тәрбиеленушісі Сандуғаш Молдабаева мінді. Ол ем-дом курсына 2014 жылдан келіп жүр.

«Маған атпен серуендеген өте ұнайды. Бүгін пониға мініп көрдім, маған ұнады»», - дейді Сандуғаш.

Мұнда иппотерапия курсына тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған интернаттың тәрбилеленушілері және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар да жаттыға алады.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы