
Президенттік көпсайыс қорытындысында алаң иелері топ жарып, жеңімпаз атанды.
«Президенттік көпсайыста солтүстік қазақстандақтықтар бірінші, қостанайлықтар екінші орын иеленді. Қола медальді ақтөбеліктер еншіледі», дейді жарыстың бас төрешісі Валерий Самохвалов.
Бұдан бөлек, спорттық бағдарлау, конькимен жүгіру және шайбалы хоккей сайыстарында да солтүстікқазақстандық жастар жеңістің ең биік тұғырынан көрінді.
Жасөспірімдердің II республикалық қысқы ауыл ойындарында жалпы құрамалық есепте солтүстікқазақстандықтар бірінші, қостанайлықтар екінші, жетісулықтар құрамасы үшінші орынды еншіледі.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, медаль және дипломдар табыс етілді.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы