Президент • 30 Желтоқсан, 2017

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Жаңа жыл мерекесімен құттықтау жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Ресей Федерациясының Президенті жуықта ғана екі ел дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өткенін, айтулы мерейтойдың жетістігі қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың барлық саласында көрініп тұрғанын еске салды. В.Путин алдағы уақытта да стратегиялық серіктестік пен Ресей мен Қазақстандағы бауырлас халықтардың игілігі үшін, Орталық Азия мен бүкіл Еуразия кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесі үшін одақтастықтың табысты түрде күшейе түсетініне сенім білдірді», - делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.