
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл үйдің құрылысын жүргізген «Құрылыс» ЖШС-ның құрылысшылары әр шаңыраққа Жаңа жыл алдында құт-береке, табыс тілейді.
Жаңа үйден кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлер пәтер кілттерін алды. Жарқырған үйлер жобасының құны 1 011,9 миллион теңгені құрайды. Бұл биылғы жылы «Сарыарқа» шағын ауданында салынған алтыншы үй. Бұған дейін шағын ауданда сүрілген ескі үйлердің орнына 11 көпқабатты жаңа тұрғын үй тұрғызылды. 2018 жылы «Достық» шағын ауданының құрылысы басталады.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген: Валерий Бугаев