Қазақстан • 02 Қаңтар, 2018

Жаңа жыл қарсаңында елорда қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 мың адам жұмылдырылды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев кеше жедел кеңес өткізді. Кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, ІІД, ТЖД, қалалық коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты, деп xабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Жаңа жыл қарсаңында елорда қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 мың адам жұмылдырылды

Кеңесте өткен тәулікте қаламыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі атқарылған жұмыстар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі, криминогендік жағдай бойынша қабылданған шаралар, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық көліктердің тұрақты жұмысы және өткен барлық іс-шаралар бойынша есептер тыңдалды. 

Тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларының айтуынша, өткен тәулікте елордада жағдай тұрақты болған.

Сондай-ақ, қала әкімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолдар тазалығын сақтау және барлық қалалық коммуналдық қызметтерге бірқатар міндеттер қойды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елордада қала тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 32 мың адам жұмылдырылды.