15 Қараша, 2011

Бурабайға төте жол

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенбі күні Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев пен Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың қатысуымен «Щучье – Бурабай курортты аймағы» автомобиль жолының ашылу салтанаты болып өтті. Елбасының тікелей тапсырма­сымен 2009 жылы Қазақстандағы ал­ғашқы алты жолақты, жоғары жыл­дамдықты «Астана – Щучье» автомагистралі пайдалануға берілді, деді өз сөзінде министр Б.Камалиев. Осы­ның нәтижесінде екі ара­лықтағы уақыт екі есе қысқарып, жол апаты да екі есе азайды. Бүгін туристік кластерді дамыту шеңбе­рінде курорт­ты аймаққа төте бас­тайтын 8,9 шақырымдық төрт жо­лақ­ты трасса ашылып отыр. Жолдың өн бойында қор­шаулар, көпір­лер, елді мекендер ау­мағында электр жарығы орнаты­лып, жаяу жүргін­шілерге қажетті жағдайлар жасалды. Жалпы, Ақ­мола облысы бүгінгі күні ірі автожол жобаларын іске асыруда және заманауи технологияларды қол­да­нуда көшбасшы болып отыр­ға­нымен құттықтаймын. Облыс әкімі С.Дьяченко бүгінгі қуанышты шараның Ақмола облы­сының Астанадағы күндері қарса­ңында өтіп отырғаны жұртшы­лықты серпіліске түсіргенін айтты. Курортты аймақтың тартым­ды­лығын арттыру мақсатында атқа­рылып жатқан істер үшін алғыс білдірген ол Көкшетау қаласы әуе­жайында ұшу-қону жола­ғын қайта салу жобасы ойдағыдай атқарылып жатқандығын мәлімдеді. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.