15 Қараша, 2011

Инвестиция – экономика дамуының негізі

380 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Инвестициялардың деңгейі қаншалық­ты жоғары болса, экономика дамуының дә­ре­жесі де соншалықты жоғары болатыны белгілі. Осы орайда, кеше «Нұр Отан» ин­­вестициялық белсенділікті ынталандыру және экспорттық әлеуетті дамыту мәсе­ле­лері жөніндегі дөңгелек үстел өткізді. Оған Премьер-Министрдің орынбасары – Индус­трия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Парламент Мәжілісінің де­пу­таттары, орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті ат­қарушы органдардың, даму институттарының, бизнес-құры­лым­дары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бүгінгі күні инвестициялардың көлемі бойынша, Қазақстан ТМД кеңістігінде көшбасшы болып та­былады. Тәуелсіздіктің 20 жыл­дық тарихында 122 миллиард дол­лардан астам қаржы тартылған. Оның үлкен бөлігі шикізат сала­сы­на тиесілі. Алайда, соңғы уа­қыт­та жағдай оң бағыт алған. Тек өт­кен жылдың ішінде өңдеуші өнер­кәсіпке құйы­ла­тын қаржы көлемі 36 пайызға өсті. Алайда, бұл көр­сеткіш жалпы инвестиция көле­мі­нің 9 пайызын ғана құрайды. Нұр­отандықтардың ойынша, түбегей­лі өзгерістер кезе­ңі басталды. Себебі, инвестиция­лық ахуалды жақ­сарту партия бағ­дарламасының басым бағыттары­ның бірі болып табылады. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин­нің айтуынша: «Бүгінгі күні Қа­зақ­­станның инвестициялық тар­тым­ды мемлекетке айналғаны – бұл, ең алдымен, Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төр­аға­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың зор ең­бегінің нәтижесі. Сон­дықтан, елімізге инвестиция­лар­ды тарту жұ­мы­сын одан әрі жалғастыруымыз қажет. Себебі, бүгінгі инвестициялар инновация­лық технологиялармен тікелей бай­ланысты. Сонымен бірге, инвестициялар – бұл, әрине, жаңа өндірістер және жаңа жұмыс орындары». «Нұр Отан» инвесторларға лай­ықты жағдай жасау үшін әрбір инвестициялық жобаның іске асы­рылуын өз бақылауына алуға ниетті. Партиялықтар ықтимал ин­вес­торды тарту кезеңінен бастап, жо­баның іс жүзінде іске асырылу сатысына дейінгі жұмысқа мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге, партиялықтар тар­тылған инвестициялар үлесі аймақ әкімдері қызметінің басты көрсет­кіш­терінің бірі болуы тиіс деген пікірде. Президенттік индустриялан­ды­ру бағдарламасы да ішкі және сыртқы инвестициялардың өсімі­не қолайлы жағдайлар туғызады. Осы бағдарлама бойынша жалпы құны 9 трлн. теңгені құрайтын 600 жо­ба­ны іске асыру жоспарланған. Объек­тілердің үштен бір бөлігі бүгіннің өзінде іске қосылған. Сәт­ті инвестициялық жобалар – Мойнақ ГЭС-і, Жетіген-Қорғас темір жол желісі. Алайда, басымдық тек ірі жобаларға ғана берілмеуі тиіс. «Атамекен Одағы» ҰЭП бас­қармасының төрағасы Абылай Мыр­захметовтің айтуынша, «Нұр Отан» партиясы өткізіп жатқан дөңгелек үстелдің тақырыбы аса маңызды, себебі, инвестиция­ларды жергілікті өндіріске тарту бүкіл Қазақстанның экономи­касына оң ықпал жасайды. Кездесудің басты қорытын­ды­ларының бірі партия мен «Kaznex Invest» Экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі ара­сын­­дағы Әріптестік жөніндегі ме­мо­ран­думға қол қою рәсімі болды. Бұл құжат барлық нарық қаты­су­шыларының арасындағы байла­ныс­тарды қалыптастыруға және әріптестіктің тиімділігін арттыру­ға мүмкіндік жасайды. «Kaznex In­vest» Экспорт және инвестиция жө­ніндегі ұлттық агенттік сарап­шысы Толыбай Бекжанның ай­туынша, аймақтарда инвесторлар­ды қызықтыратын объектілер аз емес. Сол жерлерге инвесторлар­ды тарту үшін агенттік қарқынды жұ­мыс атқарып жатыр. Қол қойылған меморандум инвестиция тарту жұ­мысына зор үлес қосады. Партиялықтар бірлескен іс-қи­мылдар 2020 жылға қарай отан­дық және шетелдік инвестиция­лардың шикізаттық емес сектор­да­ғы үлесін жалпы көлемнің 30 пайызына дейін жеткізу қажет­ті­лігі туралы Елбасының тапсыр­ма­сын сапалы түрде орындауға мүмкіндік беретініне сенімді. Кездесу барысында Нұрлан Нығ­матулин сондай-ақ партиялық билеттер табыс етті. Партия мү­ше­­лері қатары бизнес өкілдерімен толықты. Олардың ішінде «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төраға­сы Абылай Мырзахметов, Локомотив құрастыру зауытының вице-президенті Андрей Ершов пен Альянс-банктің Астана қалалық филиалы­ның директоры Санат Абенов бар. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше