Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018

Еркін Көбеев: Тарихтың шындығы, өмірдің шындығы

392 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында жарыққа шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында егемен еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бергі даму тарихы толығымен қамтылған. Кітапта жас мемлекетіміз үшін аса маңызды еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық үдерістерінің тікелей қатысушысы, бастамашысы болған Тұңғыш Президентіміздің көзқарастары берілген. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің сындарлы жылдардағы жүріп өткен даму жолын баяндай келе, мемлекеттің басшысы ретінде қысылтаяң тарихи сәтте аса үлкен жауапкершілікпен шешім қабылдағаны туралы мәлімдейді.

 

Еркін Көбеев: Тарихтың шындығы, өмірдің шындығы

Тәуелсіздігімізді жариялаған жылдардан басталған мемлекет тарихындағы жаңғыру кезең­дері, әлеуметтік-саяси, эконо­мика­лық оқиғалар тұтас бір дәуір­дің жетістігін көрсетеді. Тәуел­сіз мемлекет құру жолында қоғам шешкен мін­дет­тер­дің қатарында әлем­дік қо­ғам­дастықтағы өзінің рөлін түсіну міндеті тұрды. «Тәуелсіз­дікт­ің 26 жылы – адамзат өрке­ниетін­дегі ғаламат жаһандық өз­ге­р­іс­тер дәуіріндегі біздің хал­­­­қы­­­мыз­­дың мықты мемлекет құру және бақуатты өмірге жету ж­олын­дағы күресінің шежіресі. Бұл жы­лдар таңғажайып құбылыс – тари­­хи уақыттың жылдамдауын көр­сетті» – деп атап өтеді автор.

Кітапта тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңдері, тағдыршешті шешімдердің қалай жүзеге асқаны жайлы баяндалған. Оқыр­ман қауым Президенттің тәуел­сіз­­дік жылдары жайлы жаз­ған ой-толғамдарымен қатар ат­қа­­рылған игі істер, көптеген қазақ­стан­дық­тарға беймәлім әлеуметтік және сая­си құбылыстар тура­лы ке­ңі­нен біле түседі. Елба­сы қиын-қыс­­тау сол жылдарда өзімен бірге ел мүд­десі үшін қыз­мет ет­кен ел аға­лары қиын да көп кезең­дік жұ­мыс­­тарды абыроймен еңсер­генін атап айтады. Бүгінде, біз Елба­сы жолының тиімділігіне көз жет­кіздік. Әлемдік және қазақ­стан­­дық экономиканы терең тал­дауға негіз­делген Прези­дент­тің көр­е­­ген­дік қасиеті оған жаһан­дық өз­­ге­ріс­терді жүзеге асыру мүм­­кіндігіне сеніп қана қой­май, сон­дай-ақ қабылданған мақсат­тар­ды жүзеге асыру үшін Қазақстан халқын біріктіруге де мүмкіндік берді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары – Тәуелсіз Қазақстанның негіз­гі демократиялық құндылық­тарын қалыптастырған тағдыр­шешті жылдар болып табылады. Осы кезеңде еліміз әлемдік қоғамдастық мойындайтын табыс­ты жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиялар қабылданды. «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асыру мемлекетіміздің әлемд­егі ең дамыған 50 елдің қата­рына кіруіне мүмкіндік туғызды. Бүгінде Қазақстан посткеңестік кеңістікте танымал көшбасшы елдердің қатарында, қауіпсіз­­дікті, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған көптеген үдерістердің бастамашысы болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы, Астана Саммиті, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық экономикалық одақ, ЭКСПО-2017 – әріптестік пен сенім саясатының маңызды нәтижесіне айналды. Мұның бәрі мемлекеттік құрылымды түбегейлі өзгертусіз мүмкін болмас еді. Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарын­да үш миллионнан астам қазақстандықтың талқылауымен Ата Заңымыз қа­был­данды, өрке­ниетке бет бұр­ған дағдарыс жылдары өзінің өміршеңдігін дәлел­деген экономика реформа­ланды, банк жүйесі құрылып, ұлттық валюта енгізілді, шетелдік инвестициялар тартылды. Ұлттық валютаның енуі тәуелсіздік нышанына және түбегейлі нарық­тық реформалардың кепіліне айналды, теңгені енгізу нақты қажет­­тілік болды. Алайда сол 1993 жылы осы батыл бастал­ған істің та­быс­ты­лығына деген жауап­кер­ші­лік­тің бар ауыртпалығы бір адам­­ның мойнына түсті, халықты өз шеші­мі­нің дұрыстығына сен­ді­ріп қана қой­май, теңгені нығай­тып, айыр­бас­талымды етуге тиіс бол­ды. Бүгінде Мемлекет басшысы қа­зақ­стан­­дық теңге әлемдік ақ­ша та­ри­хын­да өзіндік орнын ие­лен­­ге­нін мақ­танышпен айта алады. 

Барша қазақстандықтар мақ­тан ететін елордамыз Астанаға арналған бөлімді ерекше сезіммен оқисың. Қазақстан халқы үшін Астана елдің қалыптасуы мен өркендеуінің нышанына айналды, халықаралық қоғамдастық бейбітшілік пен келісім қаласы ретінде мойындады. Сол аумалы-төкпелі тоқсаныншы жылдарда елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімнің дұрыс­тығына, бұл Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалып отырған сәтті қадам екеніне халықты сендіру аса қиын болғаны кітапта баяндалады. Еліміздің тарихында алғаш рет астананы көшіру және оны салу туралы саяси маңызы зор ұлы шешім ұлттық мүддеге негізделді. Елорданың ауысуы Қазақстанның экономикасын қалпына келтіруге үлкен ықпал етті. Елорда халқының көпұлтты сипаты көп этностық мем­лекет құрудағы бағытын, Қазақ­стандағы халықтардың досты­ғын нығайту сая­сатын растайды. Шешімін тапқан және болашақ­қа жоспарланған мін­деттердің ауқымдылығы таң қал­дырады. Президентті архитек­туралық және коммуникация мәселелерімен қатар қазақтарға тән қонақжайлылық пен мейірім­ділікті ғана емес, сондай-ақ өнді­ріс­тік, интеллектуалдық және шығар­машылық мәдениетті қамти­тын елорданың менталитетін қалып­тастыру мәселесі де алаңдатты. Астанада өткен барлық әлемдік форумдар жаһандық саяси тұрақ­тылықты, діни төзімділікті және халықаралық келісімді сақтауға бағытталған. Бұл Елбасы саясаты­ның жарқын бір көрінісі.

Зияткерлік әлеует қазіргі за­ман­­­­ғы әлемдік экономиканың ең құ­н­ды ресурстарының бірі бо­лып табылады. Ол зияткерлік ең­бек дағ­дыларын дамытатын жо­ғары білім беру жүйесі арқылы қа­лып­тасады. Президент білім­ді, озық ойлай алатын азаматтар ғана Қазақ­станды жоғары дамы­ған мем­лекетке айналдыра ала­ды деп жа­зады. Университет қо­ғам­­дас­­тығы Елбасының бұл сөзін сту­дент жастарға қарата айт­қан т­іке­лей үндеуі ретінде қа­был­дай­­ды. Тәуелсіздік жылдарында Тә­уел­­­­сіз Қазақстанның негізгі құн­­ды­­­­лық­­тарымен тәрбие­лен­ген қа­­зақ­­­стандық жас ұрпақ елінің жар­­қын болашағы үшін аянбай ең­бек етуге дайын. Елбасының «Тәуел­­сіз­дік дәуірі» кітабын оқу ар­­қы­лы жас ұрпақ отансүйгіштік қа­сие­тін одан әрі дамыта түсетіні сөз­­сіз. Оқиғалардың баяндалуы, өзек­­­­тілігі, нақтылығы, автор­дың терең мағыналы өзіндік ұстаным­да­рының сақталуы еліміздің жүріп өткен жолын кеңінен түсінуге, ат­қа­­рыл­­ған істерге баға беріп, бо­ла­шақ­қа сеніммен қарауға мүм­кіндік береді.

Еркін КӨБЕЕВ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінің ректоры