05 Қаңтар, 2018

Электронды құжаттар құны артты

719 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Қолхат», «сенімхат» секілді құ­жаттар жұрттың бәріне таныс шы­ғар. Оның бәрі қолмен жа­зы­­латындығы және белгілі. Бі­рақ бүгінде цифрлы техноло­гия­ларды кеңінен пайдалану ар­қасында сенімхатты сенім біл­ді­­ру­шінің электронды цифрлық қол­­таңбасымен куәландырылған элек­­тронды құжат нысанында рәсімдеу де көзделіп отыр. Бұл Ел­ба­сы Жолдауында айтылғандай, үшін­ші жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеу деген сөз.

Электронды құжаттар құны артты

Иә, сенімхатты сенім білдірушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куә­ландырылған электронды құжат ны­санында рәсімдеу жолға қойылғаны ти­імді болды. Өйткені кезінде істерден қағазға жазылған сенімхаттар жоғалып қалып, талай адамның аузы күйген көрінеді. Енді сот жүйесіне цифр-
лы тех­нологияның енуі арқасында қажетті құ­жаттардың жоғалып қалуы деген болмайды. Сонымен қатар енді се­німхатты ресімдеу кезінде тарап­тар­дың өз өкіліне өкілеттік беруі үшін нотариусқа барудың да қажеті жоқ. интернет желісіне қолжетімділік пен электронды-цифрлы қолтаңбасы болса жеткілікті.

Бүгінде ел халқының көпшілігі ин­тернетпен жұмыс істеуді жақсы бі­леді. Бұл электронды құжаттарды пай­далануды да жеңілдете түседі. Ал сенімхатты қалыптастыру үшін Сот кабинетінде авторизациядан өткеннен кейін «Электронды сенімхат» бөлі­мі­не кіру қажет. «Сенімхат» ашыл­ған бетте «Қосу» батырмасын басып, се­нім­хат нысанын, соның ішінде өкіл­дің деректері толтырылады. ЖСН ар­қылы өкілдің жеке деректерін жеке тұлғалардың мемлекеттік базасынан автоматты түрде де толтыруға болады. «Электронды сенімхат» қыз­ме­ті Азаматтық кодекстің 167-бабына сәй­кес әзірленген, атап айтқанда, бiр адамның өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. Сон­дықтан Азаматтық процестік ко­декс­тің 61-бабының 1-бөліміне сәй­кес сенімхатты сенім білдірушінің элек­тронды цифрлы қолтаңбасымен куә­­ландырылған электронды құжат ны­­санында рәсімдеу көзделгенін ес­кер­ген жөн. 

Сенім білдірушіге электронды сенімхат жасау кезінде «Электронды сенімхат» бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың АПК-нің 46-бабының 1-бөлігінде және 60-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген негізгі құқықтарын тізбе түрінде көрсету мүм­кіндігі ұсынылған, бұл сенім біл­ді­рушіге нақты азаматтық іске қаты­су үшін сенім білдірілген тұлғаға ұсы­нылатын құқықтар шеңберін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ал АПК-нің 58-бабының негізінде сенім біл­діруші сенім білдірген өкілге: бір­інші сатыдағы сотта мүддесін біл­діру; апелляциялық сатыдағы сотта мүд­десін білдіру; кассациялық саты­да­ғы сотта мүддесін білдіру; талап арыз, шағымдар, өтініштер мен арыздар беру және қол қою; талап қоюдан толық немесе ішінара бас тарту; талапты тану; талап қою талаптарының мәнін ұлғайту; талап қою мәнін немесе негізін өзгерту; азаматтық іс материалдарымен танысу, олардан үзінді көшірмелер жасау және көшірмелерін алу; қарсылық білдіру; өтінішті, соның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы мәлімдеу; сот отырысының хаттамасымен танысу және оған жазбаша ескертпелер беру; сот шешіміне, ұйғарымына және қаулысына шағымдану; бітімгершілік келісім жасау және басқа да құқығын сеніп тапсыруға құқылы. 

Электронды сенімхатты бірнеше се­німді өкілге беру көзделген, өйткені бір іс бойынша қатысатын сенімді өкіл­­дер саны заңнамамен шектелмеген. Электронды сенімхатты тоқ­тату Азаматтық кодекстің 170-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Элек­тронды сенімхат электронды түр­де қаралатын бір істің шегінде бе­ріледі, сенімхаттың қолданылу мерзімі сот актісінің заңды күшіне енген және құжаттарды орындауға беру уақытымен шектелген. Осылайша, «Сот кабинеті» сервисі іске қосылған сәт­тен бастап ол азаматтардың құ­қық­тық мәдениетін жетілдіруге жә­не олардың конституциялық құқық­та­рының қорғалуына оң ықпал ете бас­тауына байланысты цифрлы тех­нологияның өмірімізге енгені оң­ды болды дейміз. Сөйтіп енді «Сот ка­бинеті» сервисінің тұтынушылары сот­қа сенімхатты электронды түрде жол­дай алады.

Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»