04 Қаңтар, 2018

Бірінші «проактивті» куәлік табысталды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қыз­мет­терді проактивті прин­цип бойынша алған алғашқы қа­зақ­­стандық Астана қа­ла­сының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нә­рестесі Айымға туу туралы куәлігін «Азаматтарға ар­налған үкімет» мем­лекеттік кор­по­ра­­циясының бас­қарма төр­ағасы Абы­лайхан Оспанов табыс етті. 

 

Бірінші «проактивті» куәлік табысталды

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпора­циясы мен «Ұлттық ақпарат­тық технология­лар» АҚ сәбилі болған аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Ақпараттық жүйе­лердің бірігуінің арқасында жа­ңа туған нәрестені тір­кеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. 

Қанатқақты жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабар­лама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электронды үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемле­кеттік органдардың ақ­­па­раттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. 

Сондай-ақ телефон ар­­қы­лы шот нөмірін жі­беріп, жәр­демақыларды рәсімдеуге және балабақ­шаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына бала­ның куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пай­далануға болады.