Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018

Солтүстік Қазақстанда электр қуаты қымбаттады

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Севказэнергосбыт» ЖШС -нің электр қуатын  9,2 пайызға өсіру туралы ұсынысы қабылданған жоқ.

Солтүстік Қазақстанда электр қуаты қымбаттады

Десек те, қоғамдық тыңдауда ұсыныс  жан-жақты талқыланып, тарифті 5 пайызға дейін ұлғайту туралы шешім алынды.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Наталья Шаяхметованың  айтуынша   1 қаңтардан бастап жеке тұлғалар 1 киловатт жарық үшін 13 теңге 59 тиын төлейтін болады.  Ал, заңды тұлғалар үшін электр энергиясы 5,2 пайызға өсірліп, 16 теңге 32 тиынды құрап отыр.

Жаңа бағамен келіспейтіндер аз емес. Әсіресе, зейнеткерлер мен жұмыссыздар қатты алаңдаулы.

Өңірде  электр қуатының  бағасы тарифі  2015 жылы ұлғайтылған болатын. Ал жаңа бағаның қанша  уақыт өзгеріссіз қалатыны белгісіз.  

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.