Қазақстан • 07 Қаңтар, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайжы Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Елбасы Рождество мейрамымен қазіргі заманның дәнекеріне айналған мереке екендігін атап өтті. «Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын мереке гуманизмнің, рақымдылықтың, мейірімділіктің, жақынына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мызғымас дәстүрі ретінде қазіргі заманның дәнекеріне айналды», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы православ христиандары елімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуына зор үлес қосып келе жатқанына тоқтала кетті.  «Азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ықыласпен қарау мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаларының бірі болып табылады. Соның арқасында біз елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық, экономика мен қоғамдық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Осындай айтулы күні Отанымыздың игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз бен игі істеріңіз, ізгі ниеттеріңіз бен жарқын ойларыңыз үшін ризашылығым мен алғысымды білдіремін», - деді Н.Назарбаев. Президент мерекеде әр үйге, әрбір қазақстандыққа амандық пен молшылық, сүйіспеншілік пен береке, бейбітшілік пен бақыт тіледі.