Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018

Астана әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін аппараттық жиналыс барысында елорда әкімі Әсет Исекешев кадрлық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Астана әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына байланысты Егемберді Ерғали Қуандықұлы Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Оралов Асхат Раздықұлы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Жапаев Бақтыбек Бекенұлы Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы лауазымынан өз еркімен босатылды.

Қала әкімі оларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, бастамаларына сәттілік тілеп, алғыс хаттармен марапаттады.