Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018

Шекара қызметі академиясында иісшіл иттерді үйретеді

1175 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Іле Алатауы баурайында орын тепкен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясы еліміздегі бірден-бір шекарашы офицерлерді дайындайтын әскери оқу орны.

Шекара қызметі академиясында иісшіл иттерді үйретеді

Академияда жиырмаға жуық кафедра бар. Соның ішінде шоқтығы биік 40 жылдық тарихы бар кинология және атты дайындық кафедрасы деп айтсақ артық болмас. Бүгінде елі­міздегі күштік құрылымдарға жә­не басқа да ведомостволарға ки­нолог-офицерлерді дайындап шы­ғаратын кафедраны полковник Еркін Оңбаев басқарады. Тәжі­ри­­белі маман, білікті офицер­дің бас­шылығымен кафедра ұжы­мы өздеріне жүктелген жауапты мін­дет­ті абыройлы атқаруға дағ­ды­лан­ған. Мұндағы білікті офи­церлер мем­­л­екеттік шекараны күзе­ту ісіне таптырмайтын көмекші ре­тінде қызметтік жануарларды үй­ретеді. Ұжымдағы әр оқытушы – өз ісінің кәсіби маманы. Кезінде ше­кара шебінде ұзақ жылдар бойы қыз­мет атқарып келген кәнігі шекарашылар. Кафедрада негізінен қызмет иттерін шекара бұзушының ізін кесуге, шекаралық бақылау-өткізу бекеттерінде көлікке жасырылған заңсыз есірткі мен валюталарды, жарылғыш заттарды іздеуге баулыса, сонымен қатар жаттықтырып үйрететін кинолог мамандарын да-
йындайды. Кафедра дайындаған кинолог мамандар мемлекеттік ше­караның әр тарапынан шекараны заңсыз кесіп өткісі келген аза­маттар мен бақылау-өткізу пункт­тері арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың жолын кесіп, жарылғыш заттар мен есірткілердің шекара асуы-
на жол бермейді. Сабақ барысында академия қабырғасында білім алып жатқан әр курсантқа бір қызмет иті бекітіліп беріледі. Олар иттердің иіс сезу қабілетін дамыту арқылы жарылғыш заттар мен заңсыз валюта­ларды та­буға, шекара бұзушыны құ­рық­тау­дың айла-тәсілдерін үйре­туге ма­шықтандырады.

Жақында кафедра бастығы, пол­ковник Еркін Бүркітбайұлы мен оның орынбасары подполков­ник Игорь Александровичтің ұйғарымымен Сарыағаш қаласында өткен ҰҚК Шекара қызметінің бі­ріншілігіндегі жарысқа ака­де­мия­ның атынан барған әріп­тес­те­ріміздің асығы алшысынан тү­сіп, 2-орынды иеленді. Олар ке­лі­сімшарт қызметінің сержанттары Д. Алкеев пен Е.Насировтар болатын. Кафедраның бетке ұстар кинологтары есірткі затын іздеу бойынша арнайы иттердің үздік маман кинологы атанып, мақтау қағаздарымен ма­рапатталды. Жалпы команда бой­ынша «Арнайы иттердің үздік ма­маны» ауыспалы кубогын жеңіп алды.

Академия қабырғасында дайындалып жатқан болашақ шекарашы офи­церлер шекара шебіне қызметке келген соң, қарамағындағы жеке құрамға жылқыны шекараны күзе­ту­ге, жүктерді тасымалдауға, өзен­дер мен таулы жердің соқпақ жол­дарымен жүруге және табиғи жол кедергілерін оңай еңсерудің қыр-сырын үйретеді. Жануарға кере­гін­ше күтім көрсетуге, баптап, жұ­мысқа және демалысқа дұрыс дай­ындауға, қызметке пайдалана білуге дайын болу сабақтарында ка­фе­драның аға оқытушысы подполковник А.Плахованың еңбегі ерен. Ол ширек ғасырдай қызмет атқарып келеді.

Кафедра оқытушылары қызмет­тік иттерді күтіп-баптап, үйретіп-жат­тық­тыруды оқу үдерісінде ға­на қол­данып қоймай, сонымен қа­тар кү­шік өсіруді де іске асырып, қыз­мет­тік иттер қатарын асыл тұқ­ым­ды иттермен де толық­ты­рып отырады. Бұл тұрғыда бір­қатар оң­ды істер жүз­еге асып ке­леді. Ака­демияның жо­ғары бас­шы­лық­тарының келі­сі­мі­мен алдын ала құрылған жоспар бой­ынша «Бельгия овчаркасы» тұ­қымын қалдыру мақсатында жүр­гізілген жұмыс нәтижесін бер­­ді. Бұл күшіктердің анасы жо­ға­рыда аталған жарыста же­ңіс­ке жеткен және көптеген жақсы же­­­тіс­тіктерімен көрінген алғыр, есі­­р­­ткіні іздеп табудың шебері. Оның лақап аты «Аура» деп атал­са, қылмыскердің ізін кесуге жә­не ұстауға қабілеті жақсы же­тіл­ген еркегі «Есаул» деп атала­ды. Қа­зір үйрету-жаттықтыру жұмыс­та­ры­­мен күшік өсіруші тобының аға нұс­­қау­шысы сержант Ұ.Нұрлан түп­кі­л­ікті айналысуда. Күшіктердің ор­на­лас­қан орны санитарлық және бас­қа да талаптарға сай. Бұйырса алты ай­дан соң бұл күшіктер де курсант-ки­нологтарға беріліп, оқу үдерісіне бе­рілетін қызметтік ит­тердің қатарын то­лықтырмақ. Кино­логия және атты дай­ындық ка­федрасының тәжірибелі офи­цер­ле­рі мемлекеттік шекараны кү­зе­ту­ші кинолог мамандарға қыз­мет­­­тік жануарларды қолдану тәсіл­де­­­рінің қыр-сырын үйрету бары­сын­да олар­дың мінез-құлық ерек­ше­ліктерін, қа­­сиеттерін ескеруге, дұрыс қолдана бі­­луіне де ерекше назар аударып ке­леді.

Марат МОЛДАБЕКОВ,
подполковник, ҰҚК Шекара қызметі академиясының аға оқытушысы