Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018

Мұқтаж жандарға қолдау көп

1190 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Халықтың тұрмыс-тір­ші­лі­­гінің түзелуіне, әлеу­ме­ттік жағ­дайының жақ­са­руы­на Елбасының жыл са­йын­ғы жолдауларында, түр­лі мем­лекеттік бағдар­ла­маларда мән беріліп келеді. Мұқ­таж азаматтар­ды қол­дауға мем­лекет тарапы­нан бөлініп отыр­ған көңіл де, көмек те көп. Жаңа әлеу­мет­тік сая­саттың жүзе­ге асуы туралы айтсақ, біраз оң нә­ти­же бар екеніне көз жеткіземіз. 

Мұқтаж жандарға қолдау көп

Аз қамтылғандарға – әлеуметтік көмек

Мысалы, өткен жылы аймақ­тағы 375 отбасындағы 1786 аза­­матқа 39,9 млн теңге көле­мін­де атау­­лы әлеуметтік көмек таға­йын­да­лып, тө­лен­ді. Салыстыру үшін келтір­сек, ал­дыңғы жылы мұндай кө­мек­ті 497 отба­сындағы 2450 адам алған. Бір жыл ішінде көрсеткіш 27,1 па­йызға азайды. Бұл – әлеумет әлеуе­т­інің артып келе жат­қанының айғағы.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағ­дар­лама­лар басқармасы бас­шы­сы­ның мін­детін атқарушы Көңіл­қос Керей­ұлының айтуынша, аз қам­тылған отбасылардың ком­му­налдық қызметтерге жұмсаған шығындарын өтеу мақсатында былтыр 750 отбасына 25,4 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалған. Ал жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 4000 отбасындағы 12 376 балаға жәр­дем­ақы төленеді. Тұрғын үй көме­гін, мемлекеттік балалар жәрдем­ақы­сын алушылардың да саны жыл­дан жылға азайып келеді.

«Елбасы Жолдауында атап көр­сетілген мүгедектерге қолдау көр­сету арқылы кедергісіз келешек қалып­тастырып, қоғам өміріне араласуына ықпал ету мақсатында 366 балаға жергілікті бюджеттен 9,8 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек жасалды. Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс арда­герл­еріне, Жеңіс­ке үлес қосқан бас­қа да санат­тағы 133 адамға 100 мың теңге­ден біржолғы әлеуметтік көмек көр­сетілді. Қазір облыста 43 соғыс арда­гері бар. Олардың ком­мунал­дық қызметтерге жұм­сала­­тын шығын­дарын өтеуге де ар­найы қаржы бөлінеді. Мұндай қол­даулар Ауғанстандағы ұрыс қимылд­арына, Чернобыль атом электр стансасындағы апат зардап­тарын жоюға қатысқандарға да көр­сетіледі. Мемлекет қолдауы­нан туберкулез дертіне шалдыққандар да тыс қалмай отыр. Амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген 921 адамға әлеуметтік көмек жасалды», дейді К.Орысбаев.

Бірлік бар жерде тірлік бар

«Мемлекет пен бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігін қа­лы­п­тастыру – тұрақты даму шарт­­тарының бірі», деген Елба­сы сөзі іс жүзінде жүзеге асуда. Аз қамтылған, қолдауға мұқтаж азаматтарға кәсіпкерлер тарапынан да жәрдем болуы қоғамымыздың біртұтас дамып келе жатқанын көр­сетеді. Бұған мысал аз емес. Халық­ты әлеуметтік қорғау орган­дарының ұйымдастыруымен 2017 жылы облыс кәсіпкерлері 133 сау­да нүктесі арқылы 1544 адамнан тұратын 349 аз қамтылған от­ба­сын арзандатылған бағамен 1,2 млн теңгенің азық-түлік тауар­лары­мен қамтамасыз еткен. Об­лыс­тық әкімдіктің бастамасымен ком­муналдық қызметтер көр­се­те­тін «Атырауэнергосату» ЖШС, «Атырау жылу электр орта­л­ы­ғы» АҚ, «Атырау су арнасы» КМК, «Атырау газ инвест» ЖШС сын­ды жергілікті моно­полист кәсіп­орын­дармен мемо­ран­дум­дар жасалып, аймақ­тағы аз қам­тылған 816 отбасына 3,2 млн теңге мөлшеріндегі жеңіл­дік­тер­мен коммуналдық қызметтер көрсетілді.

Мемлекеттің әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, аз қамтыл­ған отбасыларды қиын жағдайдан алып шығу тетіктерін іске қос­қанының арқасында облыста 309 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 735 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 51 адам әлеуметтік жұмысқа тартылып, 121 адам кәсіби оқу курстарына жіберілген.

«Өрлеудің» өрісі кең

2015 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр­лігінің бастамасымен «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасы бастау алған еді. Өт­кен жылы бұл жобаға 1743 адам­нан тұратын 301 аз қамтылған отбасы тар­тылған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үй­лес­тіру басқармасының бөлім бас­шысы Жанар Қайседенова әлеу­мет­тік келісімшарт жасалғанға дейін жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы 6423 теңге болса, 2017 жылдың 1 қа­занында бұл сан 21322 теңгеге де­йін өскенін айтады. «Өрлеудің» ар­қасында шартты ақшалай көмек алып, бизнес бастағандар да бар. Мысалы, Махамбет ауданының тұр­ғ­ыны Қайрат Сәрсенов 332700 тең­ге алып, оған 200 түп алма аға­шын отырғызған. Ал Айгүл Рақым­ға­лиева есімді осы ауданның тағы бір тұрғыны «302 мың теңгеге тігін ма­ши­наларын сатып алып, цех аш­тым», дейді. Қазір ол ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген көрпе-төсектер мен жамылғылар тігіп, халыққа ұсынуда. Сұраныс та көп. Міне, масылдық пиғылдан арылып, кішкене болса да кәсіп бастап, нәсібін тапқысы келетіндерге мүмкіндік бары осындай мысалдардан көрінеді.

«100 нақты қадам» Ұлт жос­пары­ның 84-ші қадамында: «Әлеумет­тік көмекті оның атау­лы­лы­ғын күшейте отырып оңтайлан­дыру» мәселесі айтыл­ған. 2015 жылы қабылданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» заң енді қолда­ныс­қа енгізіледі, соның нәтижесінде жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетіле бастайды. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын көтеру мем­лекеттің басты назарындағы мәсе­ле екенінің айғағы іспетті.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

Атырау облысы