16 Қараша, 2011

Жаңа төраға сайланды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда облыс орталығында «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалының ке­зек­тен тыс есеп беру-сайлау конференция­сы өтті. Онда қалалық партия филиалының жаңа төрағасы сайланды. Делегаттар бас­шы­лыққа бірауыздан қала әкімі Оразгелді Қайыргелдиновті лайық деп тапты. «Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орынбасары Ай­гүл Нұркина партияның қалалық құры­лы­мы жетекшілігіне ұсынылған үміткердің өмір­бая­нына тоқталып, оның басқару­шылық тәжі­рибесінің молдығын атап өтті. Өз кезегінде Оразгелді Әлиғазыұлы өзіне жүктелген сені­мнің үдесінен шығатынына, Елбасының Жолдауында берілген тапсыр­маларды ор­ын­дауға күш салатынына уәде берді. Сонымен қатар, конференция бары­сын­да қалалық партия филиалының саяси бю­росы, саяси бюро кеңесі және жемқор­лық­пен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Партия мүшесі Виктор Жамулдинов жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің төрағасы болып сайланды. Ал қалалық мәслихат депутаттары А.Винерцев пен И.Теренченко «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын іске асыруға байланысты атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Жаңадан партия қатарына өткен азамат­тарға куәліктер табыс етілді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше