16 Қараша, 2011

Партия мүшелерінің бастамасы

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қоғамның басты байлығы адам өмірін сақтау маңызды мәселелер қатарында екендігі анық. Өмірде кездейсоқ оқиғалар кездесіп, өмірдің қыл үстінде қалатын кезі де болады. Сол сәтте донор қаны адам өмірінің нәріне айналатыны ақиқат шындық. Осы ізгі мақсатты көздеген Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында маңызды шара өтті. Облыстық қан орталығындағы «Донор - 2011» акциясына аталған партия мүшелері қа­тысып, тегін қан тапсыру арқылы халық­­пен байланыстарын жақындата түсті. Негізінен қан берушілердің басым бөлігін зардап шеккендердің туған-туыстары ғана құрайды екен. Өйткені, ерікті донорлар саны жылдан-жылға кеміп барады. «Соңғы бес жылда қан орталығына айына орта есеппен 400-500 адам келсе, бұрын олардың саны 700-ден асып жығылатын», дейді орталық дәрігерлері. Демек, осындай акциялардың қанға зәру адамдар үшін маңызы зор. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы игілікті шара өткізу арқылы өзгелерге үлгі болғанын айтқан жөн. Партияның облыстағы филиалының хат­шы­сы Роза Абдрахманова қанға зәру, денсау­л­ығы сыр берген адамдарға көмекке келуге жасаған ұмтылыстарының нәтижесі осылай жалғасқанын айтады. Сонымен қатар, жас ұрпақты ізгілік пен адамгершілікке, өзгеге қамқор қолын созуға баулу. Шараны биыл алғаш рет қолға алсақ, жыл сайын өткізуді ойластырудамыз, дейді ол. Жалпы, қан өткізу әрбір азаматтың аза­мат­тық борышы болуы тиіс. Өзім төртінші мәрте қан өткізіп отырмын. Мұның қорқып, үрейленетін жағымсыз жағы жоқ. Адам үшін қанның жаңарғаны пайдалы екені айтылады медицинада. Мұндай іс-шараларды өткізуден тыс қалмаймыз, дейді жас партия мүшесі Данияр Тарихов. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше