Аймақтар • 10 Қаңтар, 2018

Алматыда «Н.Назарбаев: дәуір, тұл­ға, ­қоғам» көрмесі ая­­сында дәрістер мен ше­берлік сабақтары өтті

402 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік орталық музей­де Қазақстан Республикасының Тұң­­ғыш Президенті – Ел­ба­­сы кітапханасы қо­ры­ның негізінде  ұйым­­­­­дастырылған «Н.Назарбаев: дәуір, тұл­ға, ­қоғам» көрмесі ая­­сында дәрістер мен ше­берлік сабақтары өт­кізілді. 

Алматыда «Н.Назарбаев: дәуір, тұл­ға, ­қоғам» көрмесі ая­­сында дәрістер мен ше­берлік сабақтары өтті

«Н.Назарбаев: дәуір, тұл­ға, қо­ғам» көрмесі «Көш­басшы жолы», «Көш­бас­­шы феномені», «Елбасы мәрте­бе­сі – ел мәрте­бесі» және «Әлем та­ны­­ған көш­басшы» та­қы­рыптық ар­найы бөлім­дер­ден тұрады. Ел наза­рына Қа­зақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қоры­ның архив­тік құжаттары, кітаптар мен жәді­герлерінің топтамасы  ұсы­нылып отыр. Көрменің  әрбір экспозициясына қойылған Тә­уел­сіз Қазақстанның тарихи дерек­тік хроникасы Елбасының қызметі арқылы интерактивті ауқымды ақпараттық ресурстар арқылы көрсетіледі.

Ел ықыласын оятқан бұл көр­менің мақ­­саты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының әлем­­­ге танылған, экономикасы қар­қынды да­­мыған, ірі эконо­ми­калық, өндірістік, ғы­­лыми, мә­де­ни, заманауи мемлекет қа­лыптастырудағы рөлін жүйелі түр­де көрсету болып табылады. Кітап­ха­на жинағының материалдары Н.Назарбаевтың мектеп жасындағы, жас­­­тық шақ, комсомол, партия және мем­­­лекеттік қызметтегі кезең­дерін сипаттайды. Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Прези­денті – Елбасы кітапханасы­ның қорындағы кі­тап­­тардың арасынан әр жыл­­дарда Н.Ә.Назарбаевқа сый­ға беріл­ген қазақстандық автор­лардың қол­таң­басы қойылған кітаптар ерекше орын ала­ды. Мемлекет басшы­сының тұл­ғасына байланысты, әр­бір қолтаңбасы бар кітапта сый­лаушының тағдыры мен кітап­тың қайталанбас тарихы жатыр. 

«Әлем таныған көшбасшы» бөлі­­мінде  шетелдік  мемлекет және Үкімет басшыларынан тапсы­ры­л­­ған дипломатиялық сый­­лық­тар ұсы­ныл­ған. Бұл сыйлықтар Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саясаттағы сая­си бас­та­ма­ларының нәтижесі болып табылады. Қазақстанның қа­зір­гі заманғы  тарихының өзекті мәселелері Мем­лекет бас­шысының көп­теген ғылыми жә­не ғылыми-таным­дық ең­бек­терінде қарас­тыры­лады. Н.Ә.Назарбаев дүние жү­зінің 34 тіліне аударылған жиырмадан ар­тық кітаптардың және ғылыми мақа­лалардың авторы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа шетел­дің 30-дан аса мем­леке­тінен беріл­ген ең жо­ғары мара­паттары кітапхана­ның музей қорының ең басты құн­дылықтары әрі мақтанышы болып есептеледі. Бұл ма­рапаттар мемлекеттер ара­сын­­дағы дип­ломатиялық қа­­ты­нас­тар орнатудағы  Н.Ә.Назарбаев­тың қосқан зор үле­сі үшін, ядро­­лық қауіп­ті жою және Қа­зақ­стандағы  ұлт­ара­лық, дін­ара­лық татулық пен келісімді  қамтамасыз етудегі толайым бастамалары үшін берілгені белгілі.

Іс-шараға еліміздің таны­мал тарихшы ғалымдары  Ш.Уәли­ханов атын­дағы Тарих және этнология инс­титу­тының директоры, профессор Зиябек Қабыл­динов пен профессор Мұрат Әбдіров қатысып, көрмеге келген жастарға қызғылықты әңгіме өткізді.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ