Мьянма журналистер мен сырттан келген тергеушілерге Ракхайндағы жағдайды зерттеуге тыйым салған болатын. Ал өткен айда әскерилер Инн Диннен табылған 10 адамның мәйітін зерттейтінін айтты. Тергеу нәтижелерінде кісі өлтіру жағдайы 2 қыркүйекте болғаны анықталды.
"Бұл рас. Ауыл тұрғындары да, қауіпсіздік күштері де 10 бенгал терроршысын өлтіргенін айтты. Әскер адам өлтіргендерге және ереже бұзғандарға қатысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алады", делінген хабарламада. Бұл Мьянма қарулы күштерінің осындай жағдайларды алғашқы рет мойындауы.
Естеріңізге сала кетсек, Мьянма Ракхайн штатында этникалық "тазалау жұмыстарын" жүргізіп жатқаны үшін айыпталуда. Елдегі жаппай зорлық-зомбылық кесірінен 650 мыңнан астам адам Бангладешке қашып кеткен.