Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018

Парламент Мәжілісінің депутаттары Жамбыл өңірінде

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары Омархан Өксікбаев пен Құдайберген Ержан Жамбыл өңіріне сапары барысында облыстың бірқатар серіктестіктері мен кәсіпорындарында болды.     

 

Парламент Мәжілісінің депутаттары Жамбыл өңірінде

Халық қалаулылары әуелі «Қазфосфат» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің «Мине­рал­ды тыңайтқыштар зауытына» барып, ондағы жұмыс барысымен таныс­ты. Жылына 225 мың тонна аммо­фос, 16,4 тонна азық-түлік фосфаты, 600 тонна күкірт қышқылы өндірілетін аталған зауытта бұл күнде 962 адам жұмыс істейді. 

Бұдан кейін депутаттар Тараз қаласын­дағы «ТаразКожобувь» серіктестігіне келді. Жылына 157 мың пар былғары аяқ киім шығаратын зауытта 365 адам еңбек етеді.  Мәжіліс депутаттары бұдан соң Байзақ ауданындағы Қызыл Жұлдыз ауылында орналасқан «Рола-7» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне барды. О.Өксікбаев ЖШС мүшелерімен кездесуде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­­дайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жолдауын­дағы айтыл­ған мәселелерге егжей-тег­жейлі тоқталды.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы