М.Көбенов Ертіс өңірінің экономикалық даму қарқынын жоғары бағалады және әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыруға қажетті әзірлік туралы айтты.
Сенаторлар Павлодар ауданындағы Луганск ауылында аймақтағы ірі өндірістік кооперативтердің бірі – «Луганск» тауарлы сүт фермасының құрылысында болды. Кәсіпорын жетекшісі Петр Кузьменко депутаттарды нысан құрылысы туралы хабардар етті. 316 мүйізді ірі қара малға арналған кәсіпорын жобасының жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы