Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ордабасы ауданында болды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сапар Ахметов пен Фахриддин Қаратаев Ордабасы ауданында болды.     

 

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ордабасы ауданында болды

Тұрғындармен әңгіме барысында депутаттар осындағы өндіріс орындарын аралады. Ал­дымен түйеқұс етін экспорт­қа шығарып отырған «Ордабасы-құс» серіктестігінің жұмыс барысы­мен танысқан халық қалаулы­лары кейін «Александровский Сад» шаруашылығының бақшасын көрді.

Күш атасы Қажымұқанның әз сүйегі Темірланда мәңгі дамыл­даған. Дала батырының мұра­жайында болып, қолтаңба қал­дырған депутаттар аудан хал­қы­мен кездесіп, олардың сұрақ­тарына жауап берді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы