«Қазақстан Республикасының заңнамасын электронды түрде шоғырландыру және оны эталондық әрі анықтамалық ақпарат түрінде ұсыну мақсатында Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесі (БҚАЖ) енгізілді. Ол үшін Нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесі мен «Әділет» жүйесі біріктірілді», - делінген хабарламада.
Бірыңғай жүйенің функционалдық мүмкіндіктері қажетті құжаттарды осы ақпараттық жүйелердің қайсысынан болса да іздеу мүмкіндігін береді. «Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесінің іске қосылуына байланысты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интерфейсіне өзгеріс енгізілді және қолдану мүмкіндіктері арттырылды. Тіркелген пайдаланушылардың нормативтік-құқықтық актілердің мәтініне пікір білдіруіне және бағалауына жол ашылды», - деп көрсетіледі хабарламада.
Жүйеге zan.gov.kz белгісі арқылы кіруге болады.