Бағдарламалар • 15 Қаңтар, 2018

Жолдау – дамудың жаңа доктринасы

835 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы Қазақстанның бұдан былайғы дамуының жаңа  тұжырымдамасының доктринасы іспетті болып отыр.

Жолдау – дамудың жаңа доктринасы

Мемлекет басшысының «Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын бәріміз ерекше ықыласпен қабылдадық. Кезекті жаһандық экономикалық дағдарыс қатері өршіп тұрған кезде «...Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» екенін түсініп отырмыз.

Президент қазақстан­дықтарды толғандырған бас­ты мәселеге «Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни, Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды», деп нақты жауап берді.

Елбасы Жолдауының басты тұжырымында күрделі әлеумет­тік-экономикалық жағдай­ға қара­мастан, еліміздің негізгі ба­сым­дықтары мызғымайтыны, мем­лекетіміздің стратегиялық бағда­ры бұрынғыша қала беретіні айқындалған.

Осынау аса маңызды мемле­кет­тік құжатта еліміздің ішкі және сыртқы ахуалына егжей-тегжей­лі талдау жасалып, өркен­деудегі басым бағыттар айқын­дал­ды, халық­аралық және мемле­кет­ара­лық қатынастарға баға берілді, бар­лық маңызды мәселелер мен қа­тер­лерді шешу жолдары табылды.

Жолдауда еліміздегі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән беріліп отыр. Президент отандастарына барлық қауіп-қатерлерді еңсеру үшін және экономикада, қоғам мен мемлекет дамуындағы жаңа сапалық тұрғыдағы деңгейге көтерілу үшін ой-ниеттер мен іс-әрекеттерді біріктіруге шақырады.

Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін біздің бәріміз күш-жігерімізді біріктіріп, бірге әрекет етуіміз керек.

Мұратбай ЖОЛДАСБАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты