16 Қараша, 2011

Елбасы қабылдады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Б.Бекназаров Мемлекет бас­шы­сына сот төрелігін одан әрі жетілдіру және сот ре­фор­масын тереңдету жөнінде қа­былдаған шаралар туралы ха­барлады. Жоғарғы Сот Төрағасы Президентке ағымдағы жылдың 10 айында сот төрелігін жүзеге асы­рудың нәтижелері, сот жүйесін нығайту жөніндегі шаралар, эко­но­микалық соттар жұмысы, сон­дай-ақ Қазақстанда сот ісін жүр­гізуді дамыту мәселесінде халық­аралық ынтымақтастық туралы баяндады. Б.Бекназаров қылмыстық сот ісін жүргізуді ізгілендіру бойын­ша жүзеге асырылған шаралар қауіпті емес қылмыс жасап сотты болған қазақстандық азамат­тар­дың санын едәуір төмендеткенін атап өтті. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Төрағасы Президентті барлық об­лыс орталықтарында жеткіншек­тердің істері бойынша соттардың құрылуы туралы хабардар етті. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған сот­тардың қызметі сот шешімінің анағұрлым дәлелді қабылда­нуы­на мүмкіндік туғызып, құқық тәр­тібін бұзған жеткіншектерді қайта тәрбиелеу және түзету үде­рісіне оң ықпалын тигізетін болады. Азаматтардың жоғары дең­гей­де құқықтық қорғалуын арттыру, сот рәсімдерінің қолжетімді және ашық болуы мақсатында сондай-ақ тәжірибеге электрондық сот ісін жүргізу енгізілуде. Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың және барлық сот төре­лігі жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері жө­нін­де бір­қатар нақты тапсырмалар берді.