16 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тар­мағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 87-баптарына сәйкес қаулы етемін: 1. Төртінші шақырылған Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Парламентінің Мәжілісі таратылсын. 2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын. 3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­таттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, мате­риал­дық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын. 6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 16 қараша.   №175