Жазғы спорт • 15 Қаңтар, 2018

Павлодардағы жас спортшыларға 100 велосипед берілді

31 реткөрсетілді

Облыс орталығындағы №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ашылғанына 50 жылдай уақыт болды. Мектепте спорттың 10 түрі бойынша 1500-ден астам жас спортшы тәрбиеленуде. Былтыр триатлон бөлімі ашылды.

Қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, триатлон бөлімі ашыла салысымен-ақ 152 бала жаттығуға ықылас білдіріпті. Жаттықтырушылары да бар. Бөлімді триатлон жабдықтарымен жабдықтау үшін велосипед, спорттық киім, жаттығу жасау құрылғыларын алуға облыстық бюджеттен 27 миллион теңге бөлініпті. Жүз велосипед сатып алынған. Триатлон спортымен айналысатын спорт мектебінің оқушылары көктемнің жылы күндерін асыға күтуде.

Спорт мектебі бойынша жас спортшыларды 34 жаттықтырушы даярлайды. Түлектері Олимпия ойындарының қаты­су­шы­лары, велоспортшылар Юрий Юда, Андрей Зейц, Александр Дымовских, Ев­ге­ний Яковлев және басқа спортшыларын мақ­тан етеді. Жыл сайын мектептің өрендері спо­рт түрлері бойынша еліміздің құрама коман­дасы сапында жарыстарға қатысады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Елорда мен Елбасы егіз ұғым

Руханият • Бүгін, 09:40

Ұқсас жаңалықтар