Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018

Сайлаушылармен кездесулер мәресіне жақын

249 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Сайлаушылармен кездесулер мәресіне жақын

Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, әлеуметтік мекемелердің еңбек ұжымдарымен кездесті. 

Сенатор Сарыағаш, Қазы­ғұрт, Созақ, Бәйдібек, Орда­басы, Төле би, Сайрам және Түлкібас аудандарының тұр­ғын­дарымен жүздесулерде Пар­ламенттің заң шығару қыз­меті, аймақтағы әлеуметтік мә­селелерді шешудің келешегі туралы әңгімеледі.

Кездесулердегі әңгіменің басты тақырыбы Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жол­дау­ындағы 10 негізгі міндет туралы болды. Ә.Бектаев атап өткендей, Мемлекет бас­шы­сының бастамалары елі­міздің технологиялық және ин­фрақұрылымдық дамуының жа­ңа негізгі сатысы болуға тиіс. 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

***

Парламент Сенатының депутаттары Серік Бек­тұр­ғанов пен Жеңіс Нұрғалиев Қостанай об­лы­сы­на жұмыс сапарлары барысында А. Бай­тұр­сынов атындағы Қостанай мемлекеттік уни­вер­ситетінің профессорлық-оқытушылар құ­ра­мымен кездесті. 

Кездесуде Мемлекет бас­шысының «Төртінші өнер­­кәсіптік революция жағ­дай­ындағы дамудың жаңа мүм­­кін­дік­тері» Жолдау­ының не­гізгі ережелері тал­­қы­лан­ды. Сенат депутаттары индус­трия­ландыруға, аг­ро­өнеркәсіп кешенін дамытуға, көлік-логистика инфра­құ­рылымына, құрылыс және коммуналдық салаға қазіргі за­манғы техн­ологияларды енгізуге қатыс­ты сауалдарға жау­ап берді. 

Сондай-ақ Жолдаудағы «Адами капитал – жаң­ғыру негізі» туралы міндет, атап айтқанда, білім бе­рудің жа­ңа сапасы, денсаулық сақ­тау, жұмысқа тар­тудың ерек­шеліктері және әлеуметтік қам­тамасыз ету­дің әділетті жүйе­сі мәселелері егжей-тег­жейлі тал­қыланды. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан» 

ҚОСТАНАЙ

***

Атырау облысының Махамбет ауданында Мәжі­ліс депутаттары Бақытгүл Хаменова, Ирина Ун­жа­кова, Бақытжан Ертаев «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында депутаттар Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы бой­ынша түсіндірме жұмыс­тарын жүргізіп, еңбек ұжы­мы мү­шелерінің өзекті сұрақ­та­рына жауап берді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары сапар барысында Махамбет ауданы Махамбет ауылынан Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен танысты. Өткел республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолы мен облыстық маңыздағы «Атырау – Индер» жолдарын жалғайды.

Бақтыгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

Атырау облысы

***

Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс са­парлары аясында Ақжайық ауданының тұрғын­да­рымен кездесті. 

Чапаев ауылындағы ау­дандық аурухана қызмет­кер­­лерімен, мұғалімдермен жә­не жастармен әңгіменің бас­­­ты тақырыбы Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнер­­­к­әсіптік революция жағ­дай­­ындағы дамудың жаңа мүм­­кін­діктері» халыққа Жол­дауы болды.

Сенаторлар ауыл тұрғын­дарына Жолдаудың маз­мұнын тү­сіндірді және қойылған са у­алдарға жауап берді. Ха­лық қа­лаулылары еліміздің тәу­елсіздік жылдарында қол жет­кен табыстары мен әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі атқарылған жұ­мыстарға, индустрияланды­ру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне тоқталды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

*** 

Мәжіліс депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фра­кциясының мүшелері Солтүстік Қазақстан об­лысына жұмыс сапары аясында Петро­па­вл нан-тоқаш комбинатының жұмысшы-қыз­мет­кер­лерімен кездесті. 

Мәжілісмендер Сергей Звольский, Павел Казанцев, Сер­гей Симонов, Мұрат Темір­жа­нов және Петр Шарапаев кәсіпорынның жұмысымен танысып, ұжыммен ел Пре­зиденті Н.Назарбаевтың Жол­дауын талқылады.

Кәсіпорын басшысы Ерлан Қайшыбеков Мемлекет бас­шысының жыл сайынғы Жол­дауында қойылған мін­дет­тер жұмыс барысында бас­шылыққа алынатынын айтты әрі «Қазақстанда жасалған» брендін қолдау мен өндірісте жа­ңа технологияларды қол­да­нудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Жолдауында, бірінші кезекте, индустрияны дамыту, ресурс­тық әлеуетті ұлғайту, әлемдік на­рықта отандық өнімді таныту мәселелеріне ерекше назар аударғанын жеткізді. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Петропавл