Қазір облыста 1998-2004 жылдары өтініш бергендерге жер телімі бөлінуде. ЖТҮ салуға жер учаскесі инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін беріледі. Өткен жылы осы мақсатқа 6 млрд 987 млн теңге бөлінді.
Қала әкімі аппаратының жетекшісі Серік Нысанбаевтың айтуынша, қалалық билік жерлерді қайтаруға жұмыс істеп жатыр.
– Қала әкімі Серік Шапкенов осы мәселеге айрықша назар аударып отыр. Жер мақсатты пайдаланатын адамдарға ғана берілуі керек, - деді Нысанбаев, - қазір пайдаланылмаған жерлерді сот арқылы қайтаруды бастадық, жалпы ауданы 11,7 га үш жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.