Кишор Махбубани,
Лии Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің экс-ректоры:
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған мемлекеттің даму жолындағы 10 бағыт алысты болжаған әрекет деп ойлаймын. Әлем өте жылдам өзгеріп жатыр және барлық ұлттар өзгерістерге бейімделе білуі керек. Қазақстан Орталық Азияға және әлем елдеріне сол бейімделу жоспарының үлгісін көрсетті деуге де болады. Әлем елдері Қазақстанның жаңғыру жолынан үлгі алатын болса, әлем жақсы жаққа өзгерер еді.
Зайнул Абидин Рашид,
Сингапурдің Кувейттегі елшісі,
Сингапур СІМ-нің Таяу Шығыстағы арнайы уәкілі,
MediaGorp медиахолдингі директорлар кеңесінің мүшесі:
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көреген саясат жүргізіп отыр. Ол стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың негізін біледі. Сингапур тәжірибесіне сүйенсек, мақсаттар мен құндылықтарды анықтау қиын емес. Бірақ инфрақұрылым мен білім базасын жасау үшін көп уақыт керек.
Жолдауда саяси, әкімшілік, білім, жеке және қоғамдық салалар қамтылған. Қазақстан арнайы құралдарды қажет ететін реформаларды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарға бай мемлекет. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұсынған реформасын жүзеге асыруға қауқары жетеді.