Президент • 16 Қаңтар, 2018

Фатима Жақыпова: Президент Жолдауы жаңа әлемге жету жолын айқындайды

191 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Фатима Жақыпова: Президент Жолдауы жаңа әлемге жету жолын айқындайды

Бұл ретте академия ұжымы Елбасы белгілеген 10 міндеттің ішінен «Тиімді мемлекеттік басқару» міндетіне аса назар ауда­рады. Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру бойынша міндеттер спектрінің арасында Елбасы мемлекеттік орган­дар нақты уақыт және жеде­л жауап беру режімінде азамат­тар­д­ың ескертпелері мен ұсы­ныс­тарын есепке алу үшін зама­науи цифрлы технологиялар­ды қолдануға тиіс екенін атап өтті. Бұл мемлекеттік қызмет­ші­лер­дің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамытуға тікелей қа­тыс­ты. Сонымен қатар мем­лекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің IT әлеуетін, оның ішінде күнделікті жұмыста IT құралдарын қолдана білуді күшейту де айрықша орынға ие.

Осы бағытта қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің өзгерістерге дайын болуы да аса маңызды болып табылады. Болып жатқан үдерістердің жылдамдығын ескеріп, тек мемлекеттік органдар қызметіне өзгерістер енгізіп қана қоймай, ең жаңа үрдістердің алдында болуымыз қажет.

Президенттің алға қойған міндеттерінің маңыздылығын түсіне отырып, Мемлекеттік бас­қару академиясы мемле­кет­тік қызметшілерді страте­гия­лық менеджментке, көшбасшы­лыққа, жобалық менеджментке, үлкен деректерді талдауға, фак­тілерге негізделген шешім­дер­ді қабылдауға оқыту арқылы олар­дың кәсіби дамуын қам­тама­сыз етеді. Сондай-ақ қыз­мет­ті тұтынушыға бағдарлауға, тұ­тыну­шыны ақпараттандыруға, түрлі қиыншылықтарға төзім­ділік сынды құзыреттерді дамы­туға ерекше назар аударылады.

Жалпы, Жолдауды іске асыру мақсатында академия алдағы уақытта төмендегі бағыттарда жұмыс жасайтын болады:

Бірінші. «Цифрлы Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарла­ма­сы шеңберінде «Цифрлы Ак­а­де­мия» жобасы жүзеге асы­ры­­лады. Бұл академияға мем­ле­­кет­тік қызметшілердің ІТ құ­­зы­­реттерін күшейту үшін орта­лық болуға мүмкіндік береді және Жолдауда маңыздылығы атап өтілген, мемлекеттік орган­дардағы үдерістерді цифрлан­дыруға жағдай жасайды.

Екінші. Әлемде болып жат­қан қарқынды өзгерістерге бе­йімделу үшін бірінші кезекте мемлекеттік басқару саласына заманауи технологияларды енгізу қажет. Солардың бірі – бағдарламалық және жобалық басқару. Академия осы бағытта біраз жұмыстарды қолға алып, тек қана оқытумен шектелмей, әдістемелік қолдау көрсету мен мамандарды кәсіби сертификаттау жүйесін енгізуде. Бұл жұмыстарды атқару мақсатында академияға тәжірибелі, отандық заңнаманы білетін, нақты жобаларды жоспарлау, іске асыру, мониторинг жүргізуге қатысқан мамандар тартылады.

Академияның негізінде құ­рылған Мемлекеттік басқару­дың жобалық менеджментін дамыту орталығы 2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерді 2 стандарт бойынша сертификаттайтын болады.

Елбасы Жолдауында әр мін­дет­ке қатысты нақты мақсат қойып отыр. Мысалы, индус­т­рия­ландырудың үшінші бес жылдығын әзірлеу. Ол жаңа бағдарлама мен бірнеше жаңа жоба пайда болады деген сөз. Агроөнеркәсіп кешені бойынша 5 жылда еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, көлік-логистика инфрақұрылымы бойынша 2020 жылы транзиттен түсетін табысты 5 млрд долларға жет­кізу, құрылыс саласы бойынша 2030 жылы бас­панамен қам­ту көрсеткішін бір тұрғынға шақ­қанда 30 шаршы метр­ге жеткізу – нақты бағ­дар­ламалар мен жобалардың мақ­саттары. Осы жобаларды тиімді басқара алатын жаңа технология­ларды меңгерген басшылар – жобалық менеджерлер қажет.

Үшінші. Президент өңірлер­дегі мемлекеттік қызметтің тиім­ділік әлеуетін олардың эконо­микалық дербестігі мен жауап­кершілігін арттыру арқылы мейлінше толық ашу керектігі туралы айтты. Осыған байланысты «Көркейген өңірлер – мықты Қазақстан» формуласы жаңа импульске ие болуда және Қазақстанның жүйелі дамуына қызмет ететін болады.

Өңірлік мемлекеттік қызмет әлеуетін күшейту белгілі бір шамада мемлекеттік қызметшілерді бірыңғай оқыту жүйесін құруға ықпал ететінін атап өткен жөн, онда академия мен оның барлық облыс орталықтарындағы және Алматы қаласындағы филиалы орталық орын болып табылады.

Академияның филиалдық желісін құру Президент Әкімші­лі­гінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды және ол 2017 жыл­дың желтоқсан айында аяқ­талды. 2018 жылы толық­қан­ды жұмыс жасауға өту мем­лекеттік қызметшілерді бірыңғай оқыту стандарттарына көшіруге және өңірлерді дамы­тудың ағымдағы және перс­пек­тивалы қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Жалпы айтқанда, Жолдаудың «Тиімді мемлекеттік басқару» міндеті – мемлекеттік қызмет әлеуе­­тінің дамуына халықтың сені­мі артатын болады, сонымен қатар ол Қазақстанның дамуына үлесін қосады деген сенімдеміз.

Фатима ЖАҚЫПОВА,
Мемлекеттік басқару академиясының ректоры