Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018

Тараз мемлекеттік университетінде Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы таныстырылды

1010 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын таныстыру рәсімі өтті. 

Тараз мемлекеттік университетінде Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы таныстырылды

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің бірқатар басқарма бас­шылары, бұқаралық ақпарат құ­ралдары өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқы­ту­шылар құрамы қатысты.

Шараны ашып, жүргізген М.Х.Дулати атындағы Тараз мем­лекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Сарыбеков Елбасының бұл еңбегі еліміз тә­уелсіздікке қол жеткізген жыл­дардағы қиыншылық пен бүгінгі гүлденген Қазақстанның жүріп өткен жолын көрсететін шежірелі кітап екенін айтып өтті.

М.Сарыбеков жаңа туындыда «Тәуелсіздік рухымызды шың­дады», «Біз әлемдік дағда­рыс сынағына төтеп бердік», «Әлем мойындаған көшбас­шы­лық», «Жаңа экономикаға батыл ұмтылыс», «Адам капита­лы­ның жаңа сапасы», «Қазақ­стан­ның айқын және мызғымас басым­дықтары» атты бірқатар тартымды бөлімдер бар екендігіне тоқталып, оның маңызы төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

Келесі кезекте баяндама жа­саған заң факультетінің дека­ны Қайрат Нұрманбетов Елба­сы кітабына арқау болған тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарындағы ел өмірінің қоғамдық-саяси ахуалы, ондағы құқықтық қатынастарды реттеудің жай-жапсарын әңгі­ме­леді.

Одан кейін гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факуль­те­тінің деканы Әзімхан Ыбырайым «Ұлы бетбұрыс» тақырыбында баяндама жасап, Елбасының бұл еңбегінде еліміз тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміздің қол жеткізген табыстары жан-жақта сараланғандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Аймен Әнуар­бек кітаптың «Жаңа ғасыр табал­дырығында» атты тарауына тоқ­талып, жаңа мыңжылдықтар то­ғы­сында егемендікке қол жет­кіз­ген Қазақ елі жаңа ғасыр табал­ды­рығын табысты аттағанына тарих куә екендігін айтып өтті. Сон­дай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы Зәуре Әбдікәрімова «Қалып­тас­қан мемлекет» тақырыбында жа­саған баяндамасында кітапта Қазақстанның тарихи оқиғалар алаңына айналып, халықаралық саясатта беделінің арта түскендігін тілге тиек етті.

Шара соңында университеттің профессор-оқытушылар құрамы кітап туралы өз ойларын ор­та­ға салды, ұсыныстарын айтты.

Ләззат ТАЛҒАТҚЫЗЫ