Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018

Бұқар жыраудың мерейтойына арналған логотип мақұлданды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл – қазақтың көмекей әулиесі Бұқар жырау Қал­қа­манұлының 350 жылдық мерейтойы. Қазіргі таңда айтулы датаға дайындық жан-жақты жүргізілуде. Аңыз тұлғаның тойы алдымыздағы тамыз айында өтеді деп жоспарланған.

Бұқар жыраудың мерейтойына арналған логотип мақұлданды

Таяуда жыраудың аты бе­ріл­ген ауданның орталығы Бота­қара кентінде мерейтой ша­ра­ларын ұйымдастыру жөнін­дегі комиссияның отырысы өтіп, онда бірқатар мәсе­ле­лер талқыланды. Атап айт­қан­да, комиссия мүшелері мерей­тойдың таңба белгісін таңда­ды. Сарапқа түскен үш нұсқа­ның ішінен жергілікті өнер мек­те­бі­нің оқытушысы Амантай Әкі­шев­тің орындауындағы жұмыс ма­мандар көңілінен шығып, ме­рей­той логотипі ретінде мақұл­данды.

Автор өзінің жұмысында Бұқар жыраудың суретін салып, жанына «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасының эмблемасын кескін­деген. Сондай-ақ логотипте Тәуке ханның кезіндегі қазақ­тың «Жеті жарғы» Заңы­ның символдық белгісі ретінде жеті таңба да үйлесімді көрініс тапқан.

Айта кету керек, аталған эмб­лема Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры, белгілі тарихшы  Жамбыл Артықбаевтың да оң бағасын алыпты.

Сонымен қатар аталған комиссия отырысында мерейтой өткізуге демеушілер тарту, жы­рау­дың өмірі мен халқына жаса­ған қызметі туралы деректі фильм мен қысқа метражды бей­не­ро­ликтер түсіру, баспа және кә­десый өнімдерін жасап шы­ға­ру сияқты алуан түрлі шаруалар жайы пысықталды.

Бұқар жырау Қалқа­ман­ұлы­ның 350 жылдық мерейтойы Ботақара кентінде өтеді. Бұқар жырау ауданының әкімдігі ме­рей­той қарсаңында аудан орта­лығын абаттандырып, жолдарды жөндеуді қолға алмақшы.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы