Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018

Reuters: 16 қаңтар күні Трамп Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның «Reuters» ақпараттық агенттігі «16 қаңтар күні Трамп Ақ үйде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі» деген атаумен мақала жариялады. Назарларыңызға мақаланың толық аударылған нұсқасын ұсынамыз. 

Reuters: 16 қаңтар күні Трамп Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі

Ақ үйдің баспасөз қызметі АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестінін хабарлады".

"Екі ел президенттері экономикалық ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша стратегиялық серіктестікті нығайту жолдарын талқылайтын болады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ кездесуде Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі кезеңінде қаралатын Ауғанстан мен бірнеше халықаралық мәселелер туралы айтылатын болады.