Нұржан Бауыржанұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы - Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы - заңгер, экономист.
Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жж. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.