Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018

Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жоладуы талқыланды

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының халыққа биылғы Жолдауын талқылау Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы және салалық кәсіподақтар төрағаларының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында жалғасты. 

Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жоладуы талқыланды

Осы жылғы Жолдауда Қазақ­­­станның Төртінші өнер­кә­сіп­тік революция дәуіріне та­быс­ты әлеуметтік бейім­делуі үшін жаңа міндет­тер анық­талған. Жаңғыру кезеңін­де осы міндеттерді сәтті жү­зеге асыру үшін кәсіподақ­тар уақыт сынына сәйкес жаңа даму бағытын анық­тауы қажет. Яғни кәсіподақ­тар әлеуметтік-еңбек қаты­нас­тары мен әлеуметтік серік­тестік мәселелерін көтеруге және шешуге қабілетті қуатты және жасампаз қоғамдық институт болуы тиіс. 

Баспасөз мәслихаты барысында КФ төрағасы Ба­қытжан Әбдірайым кәсіп­одақтардың қазіргі қызметі мен Мемлекет басшысы Жол­дауын жүзеге асыру бары­сындағы болашақ жоспарлар туралы айтты. 

Сондай-ақ спикерлер за­манауи дамудың басты трен­ді әлеуметтік-еңбек қаты­нас­тарын өзектендіру екен­дігін атап өтті. Осы себеп­ті, кәсіподақтар жұмыс орын­дарының сақта­луы, еңбекті тиімді қорғау, еңбекақыны уа­қ­тылы төлеу, өндірістік жа­­ра­қ­аттанушылықтың
ал­­дын алу мәселелерін жедел түрде шешуі тиіс.

«Бүгінде еңбек нарығын тұрақтандыру мақсатында Қа­зақстан кәсіподақтары жұ­мыс берушілермен тығыз жұ­мыс атқарады. Елбасы Жол­дауында қойған 10 міндет әр­қай­сымызға байланысты. Ол ел­дің алға дамуы жолында жа­салған басым бағыттар. Қазір­гі таңда елімізде қарқынды қа­рыштау процесі жүріп жатыр. Әлемдік технологиялар еніп, күнделікті тұрмысымыз жеңілдеуде. Тіпті адамның басқаруынсыз жүретін кө­лік­тер де шығып жатыр. Ен­ді ол да біздің елге енері сөз­сіз. Одан келетін қауіп, бұл жұ­мыссыздыққа әкеліп соғады. Сол себепті біз жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. Кә­сіп­одақтармен жүзеге асыры­лып жатқан шаралар жалпы елі­міздегі әлеуметтік-эконо­микалық дамудың маңызды фак­торы ретінде көрсетілген адам капиталының сапасын арт­тыруға мүмкіндік туғыза­ды», деді Кәсіподақтар феде­ра­циясының төрағасы Бақыт­жан Әбдірайым.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»