Аймақтар • 17 Қаңтар, 2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде 150 орындық жаңа аурухана пайдалануға берілді. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен кент тұрғындарын жаңа аурухананың  ашылуымен құттықтады. 

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

– Елбасының салиқалы сая­са­тының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамуда, Қазақстанның түк­­пір-түкпірінде озық техноло­гия­лармен жабдықталған меди­ци­налық мекемелер ашылуда.  Бү­гін, міне 150 орындық аурухана ашылды. Бұдан бөлек, биыл осы аурухана жанынан 250 орындық емхана салуды көздеп отырмыз. Қазір емхана құрылысын салу бойынша құжаттар әзірленуде,– деді ол.

Аймақ басшысы аурухана ұжымы­ның жұмысына сәттілік тілеп, жаңа «жедел жәрдем» көлі­­гінің кілтін табыстады. Сон­дай-ақ аурухана үшін құны 400 миллион теңге тұратын ангиограф медициналық қондырғысы мемлекет-жекеменшік әріп­тес­тігі аясында алынуда. Бұл қон­дырғы жедел және сапалы ота жасауға септігін тигізіп, Қазалы, Қар­мақ­шы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласының тұр­ғын­дарына қызмет көрсететін болады.

Аудандық аурухананың ашы­луына қатысқан Пар­ламент Мәжі­лісінің депутаттары Бақты­қожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ер­ман және Геннадий Ши­повских пен аудандық ден­сау­лық сақтау саласының ар­да­гері Орақ Кеу­басов қаза­лы­лықтарды қуа­ныштарымен құттықтады.

Сондай-ақ облыс әкімі аудан­дық соттың жаңа ғима­ратының ашылуына қатысты. Ғимарат ішінде судья мен хат­­шылардың кеңселері, сот мәжі­лісі залдары мен мұрағат, кең­се және қызметтік бөлмелер орналасқан.

Сонымен қатар Қырымбек Елеу­ұлы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының 2018 жыл­ғы даму жоспары мә­се­лелері бойын­ша жи­ын өт­кізіп, жер­гілікті қоғам­дастық өкіл­дерімен кез­десіп, аудан және облыстың өзекті мәсе­лелерін талқылады.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда Қызылорда облысында 57 ме­ди­циналық нысан, оның ішінде Арал, Қазалы және Шиелі аудан­дарындағы орталық ауруханалар ашылды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Байқоңыр қаласында 15 мың қазақстандық азаматқа қызмет көрсететін емхана жұмысын бастады. Бұдан бөлек, алдағы 3 жылда тағы да 100 денсаулық сақтау нысаны салынбақ. Сондай-ақ 2015 жылы медициналық нысандардың жаб­дықталу көрсеткіші 43 пайы­з болса, 2017 жылы 76,5 пайызды құрады, ал ағымдағы жылы 90 пайыз­ға жетеді деген жоспар бар.

Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы