Аймақтар • 17 Қаңтар, 2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда әр сенбі сайын көкпардан жап­пай жарыс өтеді. Бұл жолғы бәйгеге 25 көкпаршы қатысты.

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

Облыстық әкімдік пен ұлт­тық спорт түр­­лері федерациясы бір­лесіп ұйымдастырған доданың бас жүл­­десін ең көп салым салған Нұрлан Би­сенбаев иеленді. Ал Махамбет ауда­нының тұрғыны Абылай Лұқ­панов пен «Гүлсары» атты сәй­гүліктің иесі Қанат Тұр­ға­лиевқа арнайы жүлделер табысталды.

 – Жаппай көкпар Атырау об­лысындағы ұлттық спортты дамыту мақсатында ұйым­­дас­тыры­луда. Шебер маман­дар жас­тары­мызды көкпаршы болуға дайындап жатыр. Көкпар ойы­ны халықтың қызығушылығын тудырып келеді, қатысушылар қа­тары да артты, – дейді облыс­тық ұлттық спорт түрлері федера­ция­­сының прези­денті Асыланбек Жанбалаев.

Мұнайлы аймақта ұлттық құн­­­дылықтарды насихаттауға арнал­­ған шаралар жиі ұйым­дас­тырылады. Соның нәтижесінде өткен жылдың қорытындысында Атырау рес­публика бойынша ұлттық спортты дамытуда үздік деп танылды.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ