Заң жобасымен «Қазақстан» терминіне өзгерістер енгізілді, сондай-ақ Ковенциядағы қазақстандық салықтардың атауы қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақтыланды.
Ұсынылып отырған өзгерістерде елдердің экономикалық мүдделері ескеріле отырып, салық салу мәселелерін нақтылау немесе қайта қарау көзделіп отыр. Одан басқа, уағдаласушы мемлекеттердің резиденттігін айқындауды реттейтін баптардың ережелері де өзгеретін болады.
«Ақпарат алмасу», «Салықтарды жинауға көмек» баптарының жекелеген ережелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының үлгі конвенциясына сәйкес келтіріледі. «Жеңілдіктерді шектеу» бабына салықтан жалтару дерегі анықталғанда және Конвенцияның ережелерін асыра қолданғанда ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік беретін ереже енгізілді.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.