«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен The New York Times қызметкері Томас Ландон
«Бүгін әлемдегі ең беделді басылымның бірі The New York Times газетінде болдық. Журналистермен кездесіп, пікір алмастық. Газет жұмысымен танысып, болашақта байланыстар орнатудың жолдарын талқыладық», деп хабарлады басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
1851 жылдан бері үзбей жарық көріп келе жатқан америкалық беделді басылым әуелі аймаққа ғана таралды. Уақыт өте келе әлемде ең көп оқылатын ықпалды газеттердің бірі атанды. Жаһандық өзгерістерге тез бейімделген басылым интернетке де еркін икемделіп, оқырман аудиториясын кеңейте түсті. Қазіргі кезде оның интернеттегі нұсқасы айына 30 миллион адам қарайтын ең танымал жаңалықтар сайтына айналып отыр.
Ақпарат айдынында сенімді дерек көзі болуға ұмтылған газеттің бүгінде әлемнің көптеген елінде өкілдіктері бар.