17 Қараша, 2011

Әуелі 18 миллионды ойлауымыз керек

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Біріккен Ұлттар Ұйымының есептеуінше, Жер шарының 7 мил­лиардыншы тұрғыны дүниеге келеді деген ақпарат қостанай­лықтарды да елең еткізген еді. 31 қазан күні түнде сағат 00.20-да Қостанай ауданындағы мұғалім­дер Еркебек пен Бейбіт Голда­ри­дің отбасында екі бірдей ұл дү­ние­ге келді. Біреуінің салмағы 2,570, екіншісінікі 1,917 кило болды. Сол тәулікте Қостанай облысы бойынша 33 нәресте өмірге келді. 7 миллиард адамның Жер бетіне көптігі айтылып жатыр. Ал Қа­зақстанның өз межесі бар. Президентіміз айтқандай, қазақстан­дық­тардың қатары 2020 жылға дейін 16 миллионнан 18 милли­он­ға жетуі тиіс. Өткен жылы облыс­та 12 943 бала туған. Облыстың бас акушер-гинекологы Иван Ян­ценнің айтуынша, биыл да деңгей мұнан төмен болмайтын көрінеді. «Бұл аз емес, бірақ 18 миллионға жетуді ойласақ көп те көрсеткіш емес. Келіндер осы жағын ойлауы керек», дейді Иван Абрамович. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.