17 Қараша, 2011

Жемқорлыққа жол бермейік

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі болып, онда білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлық сипа­тын­дағы құқық бұзушылықтың алдын алу, 2011 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы, электрондық кі­тап­ханалардың қызметі және оларды дамытудың перспективалық ба­ғыт­тары талқыланды. Алқа отырысына Қазақстан Рес­публикасы Президенті Әкім­ші­лігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Парламент де­путаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкім­дерінің орынбасарлары, жоғары оқу орындарының, кәсіптік колледждер мен лицейлердің бас­шы­лары қатысты. Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұловтың бас­шы­лығымен өткен басқосуда ми­нис­трліктің жауапты хатшысы Болатбек Әбдірәсіловтің «Қазақстан Рес­публикасының білім беру жү­йе­сінде сыбайлас жемқорлыққа қар­сы заңнаманы сақтау және сы­байлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» баян­да­масы тыңдалып, оқу орында­рында орын алып отырған жем­қор­лық пен коррупцияның алдын алу мәселелері жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ басқосу аясында өт­­­кен секцияларда ғылым және ғылыми-техникалық қызметтер са­ласындағы нормативтік-құ­қық­тық базаны жетілдіру, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру ая­сындағы орта және кәсіптік білім беру жүйесінің, жоғары білім беруді және жастар саясатын дамы­ту­­дың өзекті мәселелері талқы­ла­н­­ды. Берік САДЫР.