Қазақстан • 19 Қаңтар, 2018

Еуразияның болашақ «қаржы қақпасы»

643 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығы бірер күн бұрын ресми түрде жұмысын бастады. Елба­сы атап көр­сет­кен­дей, же­­ңіл­де­тілген са­лық ре­­жімі, тәуелсіз қар­жы­лық сот пен ағыл­шын құ­қығы қағи­да­­лары бойынша жұмыс іс­тейтін орта­лыққа елі­міздің қаржы ин­фра­құры­лымының ядросы, тұтас Ор­талық Азия аймағы үшін қар­жы­лық хабқа айналу міндеті жүк­теліп отыр. 

 

Еуразияның болашақ «қаржы қақпасы»

Қаржы орталығы ретінде қазақ елінің бас қаласы әлемде қандай орын ала алады? Біріншіден, Еуразияның қақ ортасында орналасқан Аста­наның ай­наласында – 2 мың ша­қырымдық ра­диуста ешқ­ан­дай қаржы орталығы жоқ.

Екіншіден, Елбасы «Астана» ха­­лық­ара­лық қаржы орта­лы­ғының қа­зір­гі заман­да жаңаша дамып жат­қан және тек жүк­­тің ғана емес, сон­дай-ақ капи­тал­дың ала­пат ағыны жү­ре­­тін Ұлы Жібек жолы бой­ында орын те­п­кеніне назар аудар­тқа­ны есімізде.

Үшіншіден, бүкіл Орталық Азия­да Астанадан басқа бірде-бір бас қала не ірі шаһар «халық­ара­лық қаржы ор­та­лығына» ай­налуға ұмтылып отыр­ған жоқ. 

Айта кету керек, елордалық қар­­жы­ орталығының дү­ние жү­зін­­дегі насихаты да келіс­ті болды. ЭКСПO-2017  көр­месіне 112 мем­ле­кет пен 12 ха­лықаралық ұйым қа­тыс­қа­ны мәлім. Солардың бар­лы­ғы көрмеден кейін оның орнын­да «Астана» халықаралық қаржы ор­та­лы­ғы (АХҚО) құрылатынын біл­ді. Ел­­басы Нұрсұлтан Назарбаев әлем­­дік қар­жы инс­титуттары, ислам банк­тері осын­да жұмыс істеуге келіс­ке­нін мә­лімдеді. 

Мемлекет басшысы АХҚО-ны Еура­зия мен Орталық Азияның «Бас қақ­­п­асы» ретінде атап өтті. Бұған қо­­са, оны Еуразия өңіріндегі ірі қар­­жы хабына айналдыру көз­де­ліп отыр. Нақтырақ тоқ­тала кет­сек, АХҚО қызметі аясында 6 басым ба­ғыт­­ты дамыту жоспарла­ну­­да. Олар­­дың ішіндегі ең бас­ты­­­сы – капи­тал­­­дар нарықтарын өр­­­кен­де­ту бол­­мақ. Қазақ­стандық қар­­жы секторы, негі­зі­нен, банк инс­ти­­­­тут­тарының және азаматтармен өза­ра іс-қимылдың басқа да дәс­­түр­лі құ­ралдарының жұмысына шо­ғыр­­лан­дырылған. Біз болсақ, «банк­тік емес қаржылық қауым­дас­тық­­ты» құ­ру бағытында жұ­мы­с істеп жа­­тыр­мыз және бұл мә­селеде капитал на­рықтары Қазақ­стан­ның қаржы се­к­торын­да­ғы жағ­дай­ды елеулі түр­де жақсартады, сон­дай-ақ біздің өңір­де қор нарықтарын да­мыту үшін аймақ­тық алаңды тү­зеді. 

Елордамыздағы қаржы ор­та­лы­ғы­­­ның 2 және 3-басым­дық­тары бір-бірімен тығыз байла­нысты: бұл – «же­ке меншік және мемлекеттік ак­тив­терді, қорларды басқару» және «же­­ке тұлғалардың әл-ауқатын бас­қа­ру».

4-бағыт – «исламдық қаржы­лан­дыру» болмақ. Былтырғы ислам ын­тымақтастығы ұйымының бірқатар ірі саммиттері әлемде және Қазақстанда өткізілді. Исламдық қаржыландыру бағы­тын­да Қазақстанның Орта­лық Азияда да, жалпы Еуразия өңі­рін­де де көшбастаушы ел болуға мүмкіндігі бар.
АХҚО қызметінің 5-ші үлкен бағыты «жаңа қаржы тех­ноло­гияларын» қамтуға тиіс. Мем­лекет басшысы жақында Қазақстан экономикасын цифр-ландыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізгені мәлім. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы Үкімет жұмы­сын­дағы аса маңызды әрі басым­дық­ты бағыттардың бірі болып табылады. Бұдан бөлек, Елбасы АХҚО басшылығына орталықты «жаңа қаржы технологияларын дамыту бойынша жетекші сараптама орталығына айналдыру» туралы тапсырма берді. 

6-бағыт ретінде «жасыл қар­жы­лан­дыру» құрал­да­рын ен­гізу мен дамыту қарас­ты­ры­ла­ды. Осыған орай күні кешегі ЭКСПО-2017 жоғары тех­ноло­гия­лық алаңы енді «жасыл» тех­ноло­гиялар сала­сын­да зерттеулер жүргізу үшін инфра­құ­ры­лымды, ал АХҚО – оның қаржылық құрамдас бөлігін ұсынуға тиіс.

Бұл қызмет бағыттарын тиісті құры­лымдарсыз жүзеге асы­ру қиын. Әр салаға дер­­бес жау­ап беретін тұлғалар мен ұй­ым­дар болғаны жөн. Осы мақ­сат­та, АХҚО аумағында ұй­ым қызметін реттеу­мен айна­лы­са­­тын бірнеше маман­дан­ды­рыл­ған орталық құрылмақ.

Ағымдағы жылы өткен шет­ел­дік ин­весторлар кеңесі­нің пленарлық отырысында «Ас­тана» халықаралық қар­жы орталығы мәселесі тал­қы­лан­­­­ған бо­латын. Онда Елбасы Н.Назар­ба­ев қаржы ор­­та­­лы­ғы­ның өте күрделі жо­ба еке­нін, сонымен қа­тар Қа­зақ­стан үшін аса маңызды қа­­дам екеніне де мән берген еді. 

– Болашаққа көз жібере оты­рып, біз «Астана халық­ара­лық қаржы ор­та­лығын» инвес­ти­циялық капи­тал тартатын және қаржылық әдіс-тә­сілдер саласындағы инновация­лар ор­талығы ретінде көргіміз келеді. «Астана» халықаралық қаржы орта­лы­ғы Еуразияның «Қаржы қақ­па­сына» айналуы керек,– деді Н.Назарбаев.

Сонда, АХҚО шетелдік инвесторларды қалай тартуға ниетті? Ол жаһандық нарықтарға не ұсына ала­ды? Орталық шетелдік инвестор­лар­ды жеңілдіктер мен қолайлы жағ­дайлар жасау арқылы тартуды көздеп отыр. Астана – Орталық Азия, Еура­з­ия­лық экономикалық одақ өңір­лерінде, сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» бастамасы бой­ынша ынтымақтастық бағытында қар­жылық және тех­нологиялық хаб рөлін атқа­ра алады. АХҚО аясын­да инвес­тор­ларға ұсынылатын же­ңіл­­дік­тер Дубай және Абу-Даби тә­­жі­­рибелерінен алынған. Бізде де кор­поративтік табыс салығы, же­­ке та­быс салығы бойынша 50 жыл­­ға же­ңілдіктер болады. Бұл жеңіл­­дік­тер дү­ние жүзіндегі өзге қаржы орта­лық­та­рымен бірдей.

Сонымен қатар инвес­тор­ларға қолайлы визалық қол­дау көрсетілмек. Атап айтқан­да қаржы орталығының қаты­су­шы­ларына және олардың отбасы мүшелеріне қай елден келгеніне қарамастан, ұзақ мерзімді – 5 жылдық виза ұсынылады.

Халықаралық қаржы инсти­тут­тары алдағы 5 жылда Қазақ­стан­да кәсіп­кер­­­лікті, қар­­жы секторын, ин­фра­құры­лым­­ды,­ электр энергети­ка­сын дамыту, инс­­титуттық рефор­малар жүргізу үшін елге 9 млрд долларға жу­ық инвести­ция салаты­ны бол­жан­ған. Ал индустрия­лан­дыру бағ­дар­ламасы аясында 10 млрд долларға жуық шетелдік ин­вес­­­т­иция тарту жоспарланып отыр. Мұ­­нымен қоса, елімізде Эко­но­ми­ка­лық ынтымақтастық жә­не даму ұйы­мы стандарттары енгізіліп, ин­вес­тициялық ахуал­ды жақсарта түсу жұ­мыс­та­ры қолға алынған. Соның ар­қа­сында 2025 жылға дейін 40 миллиард долларға дейін инвестиция тартылады деп күтілуде.

Осы айтылғандардан бөлек, шет­елдік инвесторларға қолдау көр­сетудің мамандандырылған ха­лық­аралық виза орталығы құрылмақ. Оның жұмысшы атауы – «АХҚО-ның Экспат орталығы» деп белгіленіпті. Се­бебі, заңнама бойынша «Астана» қаржы орталығы үшін шет­елдік мамандарға жеңіл­де­тілген визалық және еңбек режімі енгізіліп отыр. Ал «Экспат орта­лығы» АХҚО-ның шетелдік қыз­меткерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін Қазақстанға кірудің қолайлы шарттарын түзеді, сондай-ақ олар қалаған жағдайда жер­сіндіруге, яғни Қазақстан азамат­тығын алуына жағдай жасайды. Сондай-ақ тіркелу, салық салу және басқа да мәселелер осында шешіледі деп күтілуде. 

Атап өтерлік тағы бір мәселе, АХҚО қазақстандық қаржы жүйе­сінде цифрлы техно­ло­гия­лард­ы да­мытуға да көп көме­гін тигізеді. Қар­жылық технологияларды ілгерілету және олар­ға дамуға мүмкіндік бе­ре­тін экожүйені құру АХҚО-ны да­мы­туға бағытталған бес ст­ра­те­гия­лық бағыттың біріне жау­ап береді.

Соңғы жылда қаржылық технологиялар компанияларының саны 8 мыңға дейін, ал криптовалюталар саны 800 түрге дейін артты. Бұл ретте іске қосылған криптобиржалардың саны 110-нан асады. Бұл қарқынды өсім екпінді өзгерістердің ұстынына айналады. Осыған байланысты АХҚО да жаңа қаржылық-тех­нологиялық шешімдерді іл­герілетуді және оларды дамы­ту­ға мүмкіндік беретін қолайлы эко­жүйені құруды нысанаға алып отыр.
Қазақстанда қаржылық техно­логияларды дамыту бағы­тында АХҚО-да негізгі 3 міндет анық­талды: бұлар – «криптовалюталар нарығын рет­теу», «қаржы технологиялары саласында жаңа технологияларды да­мыту, тестілеуден өткізу және қол­­дау үшін қажетті реттеу «жә­ші­гін» түзу» жә­не «Қазақстанда қар­жы­лық тех­но­ло­гиялар стартаптарын қол­дауға жағ­дай жасау».

Халықаралық қаржы орта­лы­ғы Дубай моделі бойын­ша жұмыс іс­тей­ді. Дубай – әлем­дегі ең сәулетті, ең дәулетті қа­лалардың бірі. Даму дең­ге­йі жыл санап артып жатқан шы­­­ғыс­тың шырайлы шаһа­ры де­ма­лу­шылардың сүйікті ор­ны­на ғана емес, жаһандық биз­­нес ту­ризмінің де ордасына айналды. Се­бебі, Әмірлік шетелдік инвесторлар үшін бар жағдайды жасады. Қала­ның қарқынды дамуына серпін бер­ген жобалардың бірі – Дубай халық­ара­лық қаржы орталығы. Дубай қар­жы орталығы «Dubai International Financial Centre» (DIFC) – салық жеңіл­дігі қарас­ты­рылған оффшорлық ай­мақ 2004 жылдан бері табысты қыз­мет етіп келе жатыр. Оффшор деп отырғанымыз – салық­тар­ды оң­­тай­ландыру әдіс­те­рі­нің бірі. Ха­лық­­аралық қаржы орта­л­ығы инвес­тор­­ларға бар жағ­дайды жасаған. Ал­дымен са­лық­тан босатты, сосын ағыл­шын үлгісіндегі құқық жүйесін енгізді. 

Дубай халықаралық қаржы орта­лы­ғының тәжірибесіне сүйенсек, ор­талық қаржы айна­лы­мының үштен екі бөлігін қаржы институттары, қалғанын қызмет көрсету саласы (аудит, заңгерлік кеңестер, мейманханалар) қамтамасыз етеді екен. Яғни олар да орталықтың қа­тысушылары, салықтың бар­лық түрінен босатылған және олар үшін ешқандай әкім­шілік кедергілер жоқ. Бір сөзбен айт­қанда, экономикалық аймақта ірі, орта және шағын бизнестің кластері қалып­тас­қан. Яғни инвесторлардың көп келуі жаңа компаниялар мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болды.
Дубай моделін назарға ала отырып, Қазақстанда халық­ара­лық қаржы орталығын құру – экономикалық өсуді қамтамасыз ететін басты бағыт­тар­дың бірі саналады. Сонымен қа­тар бұл жоба еліміздің бәсекеге қа­білетті мемлекет екендігінің айқын дәлелі. 

Ғалымжан КЕРІМБЕК, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қаржы кафедрасының меңгерушісі, 
экономика ғылымдарының 
кандидаты, доцент