Қазақстан • 19 Қаңтар, 2018

Игі істер арнасы кеңейе бермек

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық тыныс-тіршілігіндегі күрделі және өзекті мәселелерді көтеруімен құнды. Онда Қазақстанның жаңа кезеңдегі дамуының 10 басым бағыты айқын көрсетілген.  

 

Біріншіден, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс, бұл елімізге ауадай өте қажет.

Иә, уақыт қандай ұшқыр де­­сең­ші! Күні кеше компьютерге, ұялы теле­фонға елең етіп, таңда­нып едік, ен­ді заманауи құрал-жаб­дық­тар­­дың көптеген жаңа үлг­ілері­мен та­нысып, білудеміз. Қоға­мды, өнді­рісті, тұрмысымызды жаңар­тудағы жаһандық тренд – цифрландыру. 

Әлемдік дамудан тысқары қалмай, 2050 жылға қарай бәсекеге мықты 30 елдің қатарына қосылу бағытын Елбасымыз өте сенімді түрде межелеп беріп отыр. 

Тағы бір ерекше тоқталар тұс, Жол­дау Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің тола­йым табыстарын да қаперге салды. Бала­малы, «таза» энергия сала­сын­дағы дамудың қаншалықты қар­қын­ды екенін сезіне келе еліміз­дегі баламалы энергия үлесін барынша арттыру міндетін қозғады. 

Демек, еліміз серпіліп, түлей түседі. Бұл сөзсіз. Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық саты­ға көтеру, адами капиталды жаңа сатыға көтерудің негізі – мектеп мұғалімінің беделін арттыру, білік­тілігіне сай оның жалақысын көбей­ту, бәрі-бәрі де жаңа Жол­дау­да тай­ға таңба басқандай өрнек­тел­ген. Кең-байтақ ортақ шаңыра­ғы­мыз­да игі істер арнасы кеңи береді, жұр­тымыздың әл-ауқаты жаңа дең­гейге көтеріледі, міне, жар­қын тағ­дырымыздың жоралы жолы бұл. 

Біз, Ұлттық ұландықтар әрқа­­шан да Елбасымен біргеміз. Ел үшін эко­номикалық және саяси-әлеу­меттік дамумен бірге рухани да­мудың да маңызды екенін жақсы білеміз. 

Сөз соңында айтарым, Елбасы­ның халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға баршамыз белсенді түрде атсалысуымыз керек. 

Әлібек СЕРӘЛИЕВ,

генерал-майор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

ОРАЛ